b8656374151has quoted6 years ago
Әңгіме
Хадиша тағы да күтіп жатты. Жанындағы орыс кемпір қорылдап ұйықтап қалды. Байғұс, жақсы адам. Ақкөңіл. Тек түнде қорылдайтыны қиын. Хадиша бұған да үйреніп, еті өлген.
Екеуі бірнеше жылдан бері бір бөлмеде. Жетім қарттар үйінде бас-басына бір-бір бөлме қайда. Екі-екеуден, кей бөлмелерде үшеуден, төртеуден жататындары да бар. Ольга байғұс жатағын жиі ауыстырды. Басқа көршілермен сыйыспайды. Себебі: қорылдайды. Қорылдың емі жоқ. Сондықтан көршілер үстінен арыз түсіреді. Жетімхана бастықтары оны басқа бөлмеге ауыстырады. Онда да тұрақтамайды.
Тұрақтап, байыз тапқан жері — осы Хадишаның қасы. Түні бойы қорылдап шығатын кемпірді кім жақсы көрсін. Бірақ Хадиша ешкімге арыз айтқан жоқ. Өйткені, Хадишаға бәрібір. Ол түн баласы ұйықтамайды. Қорылдан ұйқысы бұзылып жатқан жоқ. Ол күндіз мызғып алады. Түнде көз ілмейді.
Ол күтіп жатады. Антына берік. Баяғыда абысыны Ақшаймен ұрсысып қалғанда:
– Жүз жыл күтемін! — деп қаны қатқан.
– Ақшай да кесірлі еді-ау, марқұм. Несі бар Хадишаның жүрегіндегі жараны тырнап. Байыңды енді күтпей-ақ қой, енді келмейді деп.
Сөйткен Ақшай да әлдеқашан өліп қалды. Хадиша әлі тірі. «Жүз жыл күтемін!» дегені Құдайдың құлағына шалынып, Хадишаның ғұмырын әдейі ұзартып қойғандай. Екі көзінің нұры сөніп бара жатқаны болмаса, әл-әзір ешкімге масыл емес. Өзі жүріп-тұра алады.
Ольга да Хадиша шамалас, қартайған кемпір. Хадишадан айырмашылығы — семіздігі. Кәрі кісі де осынша семіреді екен-ау. Несіне жетісіп, не жеп семіреді — белгісіз. Жетімхананың тамағы адам семіртерліктей емес. Аста-төк дәнеңе де жоқ. Тамағы
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)