inabathas quoted12 years ago
ТӨРТІНШІ ТАРАУДА Жантасқа пионер лагеріне баруға жолдама беріліп, маған берілмеу жайы, менің шат-шәлекей ашулануым айтылады Таңертеңгі шайымды ішіп алғаннан кейін аяңдап, мектептің спорт алаңына қарай келе жаттым. Қолтығымда добым бар. Біздің «Спартак» кеше қайраттықтардан жеті де бес болып ұтылған еді. Бүгін оларды қалайда жеңуіміз керек. Команданың капитаны ретінде соған қатты ширығып, іштей дайындықпен келе жатырмын. Мектептің қасында Жантас ұшыраса кетті. Қолында мөр басылған бір жапырақ жазулы қағазы бар. Соны шертіп-шертіп қойып: – Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? – дейді.– Ол не? – Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал, сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Тілінің қыршаңқылығы үшін Жантасты мытып алғым келіп бір тұрдым да, әуелі жолдама жайын тиянақтамақшы болдым. – Оны саған кім берді? – Кім беруші еді. Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде. «Неге жоқпың?» Жантастан Майқанованың қайда екенін сұрап едім, мектепте деді. Бұдан былай біреуді келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп бірді шерттім де, жүгіре жөнелдім. Сол бойда екпіндеген қалпыммен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп бардым. Майқанова бірдеңе жазып, жалғыз отыр екен, маған басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады: – Не болды? Не болды, Қадыров?
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)