Журсинбаева Гулнурhas quoted8 years ago
Қасқыр талаған қойдай қызыл жон болған ауыл адамдары, басқа паналар жер жоқтай, полицейский сабап айдап шыққан қораларына ығысып қайта - қайта тығыла берді.
— Өрт! — деді урядник ауылды қоныстан қуып шығара алмаған соң, лезде ауылдың әр жерінен қою қара түтінге бөленген қара күрең жалын жарқ етті. Өрт еріксіз айдап шыққан ауылдың аузындағы жалыннан да ыстық жалғыз сөз:
— Қайран қоныс, хош бол!
Бұл бейқам отырған ауыл еді. Өткен жазда болған болыс сайлауында, сол ауылдың біреуі, болыстыққа таласқан Тоқсанбайдың Сыздығы деген байға қарсы шыққан. Бірақ Сыздық выборнайларды11ақшамен сатып алып, сайлаушыға да пара беріп, болыстыққа сайланған. Қолына мөр тиіп, әкімшілік тізгінін ұстағаннан кейін, ол, өзіне қарсы ауылдардың берекесін кетіруді ең бірінші міндетім деп санаған. Сол жылы переселен управлениясы22ішкі Ресейдің қалаларынан көшірілетін переселендерге жер сұрағанда, Сыздық болыс кектенген ауылдарының ішіне қосып, осы ауылдың да жерін ұсынған. Кешікпей землемер кеп жерді өлшеген. Бірақ, ауылдың адамдары ол өлшеудің не өлшеу екенін түсінбей, қыстың жабдығын қамдап, бұрынғыша отыра берген.
Күз, ауыл шапқан шөбін қорасына үйіп, қар ұшқындап қысқы үйіне кеп қонғанда, ызғарлы хабар кенеттен сап ете түсті:
— Көшесіңдер!
— Неге? — деп сұрады ауыл.
— Үш - төрт жүз үй крестьяндар көшіп келеді, алды келіп те қалды. Бұл жерде енді солар отырады.
— Біз қайтеміз?
— Онда біздің ж
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)