b2238533583has quoted7 years ago
− О, Құдай, Бердімбеттей атамнан қалған, Күнікейдей енемнен қалған, Мұртазадай бозымнан қалған баға жетпес қазынаны отқа жаққанша, мына қу сирағымды неге жақпаймын? – деп, бір аяғын созып жіберіп, сирағын жалаңаштады. – Сирағымды жағайын!
Оң, қолын балтаға соза бергенде, үш жетімек үшеулеп жабылып, балтаның үстіне жата қалдық.
Енді біздің үстімізге Айша құлады. Үшеуімізді қапсыра құшақтап, сұр шинельдің етегімен үстімізді қымтап:
− А - а, қаһарлы дауылда қалған байғұс балапандар, – деп, басымыздан сипады. – Қанаттарың қатпады ғой. Соған жеткізсем, өлсем де өкінбес едім...
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)