inabathas quoted12 years ago
Жүгіріп келем шарбаққа қарай. Секірдім... Қойсаңдаршы, адамды қырсық, шалайын десе оп-оңай ғой. Осы арада ойламаған жерден масқараға ұшырап, абиырым айрандай төгілді де қалды. Не болды дейсіңдер ғой. Бір балағым сырғауылдың үшкіл басына ілініп қалып, созылған күйде ұзынымнан түспесім бар ма. Оңбай жығылдым. Бірақ өлімнен ұят күшті деген емес пе, жалмажан тез түрегелдім де, алды-артыма қарамастан зытып отырдым. Жанар мен әжесі қарқылдап күліп қала берді. «Япыр-ай, Жанарды ренжітіп кеттім-ау. Соншалық, неге егестім. Әй, осы қайсарлық мінезім мені абиырға жолдас етпейді ғой. Ұзын жолдан шығып, жеңіле салсам, нем кететін еді». Жанардың өкпелі пішінмен бұртия қараған кейпі көз алдыма келеді. «Кешірші, кешірші, Жанар, тұрпайылық істеппін. Кінә менде». Үйге кіріп бара жатқанда, иттен қорыққансып, Жанардың жұп-жұмсақ білегінен қысып ұстап, жабыса түскенімді ойлағанда, бойымды тәтті бір сезім жайлағандай болды. Сол сүйкімді білек қазір де уысымда тұрғандай, өз алақанымды өзім құшырлана қысамын... Басыма қилы-қилы ойлар сапырылысып келеді. Оныншыны бітірген соң армияға шақырылам. Ал Жанар болатын болса, институтқа оқуға түседі. Сонда, бәлем, мен оған өлеңдетіп тұрып, неше алуан ғажап хаттар жазармын-ау. Сөз жоқ, Жанар да жауап жазады. «Жаным Қожа», – деп бастар, мүмкін. Қандай сүйкімді сөз.... Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы. Сабалап жаңбыр құйып тұр. Жентектелген қою қара бұлт аспан төрінде дарияша сапырылысады. Күн күркіреп, найзағай шартылдап, көзді шағып, құлақты тұндырады. Күркіреп тасып аққан көкбурыл тау өзенінің жағасында табиғаттан, долы мінезін елең қылмай, қаруын кезеп ұстап сұсты шекарашы тұр. Бұл жауынгерлік борышымды өтеп тұрған мына менмін. Мүмкін ауа райының осы қарбаласын пайдаланып, зұлым жау елімізге қанды шеңгелін салмақ болар. Қасиетті совет шекарасын бұзуға
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)