Аружан Акджановаhas quoted7 years ago
Жан ұшырып көкке қарғыған асау торы тізгіні босасымен шылбыры шұбатылып, қым-қуыт аласапыраннан сытылып шыға берді. Оң жақ санын соққан зілдей денеден үркіп, айдалаға тұра шапты. Бір-екі рет мөңкіп қалып, шабына тиген тұлыптай құбыжықты сарт-сұрт тепкілеп, құйындай ұшты. Сүйретілген дене қалар емес, бұлғаң-бұлғаң етіп ербеңдеп келеді. Жамбасына тиген сойыл орны да тыз-тыз етеді. Мұндай сұмдықты торбестінің тумысында бірінші көруі.
Желді түн еді. Күндіз көліктерін жиі шалдырып, ағашты, сайлы жерлермен тасалана жортқан салт аттылар екі-үш күндей бұлаң құйрықпен отырып, бұрын көрмеген айдын көлдің ық жағына түнделете жеткен.
Тор ат екі күннен бері пайда болған үстіндегі адамды танымайды, түстеп те көрген жоқ. Төртбақтау келген қапсағай
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)