Аружан Гинаятоваhas quoted5 years ago
шешесінен отыз шақты қой, он шақты қара қалып еді.

Исаға Қасымның малын берерде жұрт: «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам қыл, күт, асыра, жылатпа!» — деп тапсырған болып беріп еді.

Исаның балалары көп, малы жоққа жақын кедей болатын. Ұрысқақ долы қатыны Қадиша мен Иса Қасымды алғашқы қолына кіргізіп алысымен малды өз малындай, өз мүлкіндей баурай бастады.

Түнде ел жатқанда жетім қозыдай тас бауыр болып қалған Қасым жат ұяда ұйықтай алмай, көрпенің астында үндемей жылап жатқанда, Иса мен Қадишаның әңгімесін есітіп еді. Сонда олар Қасыммен бірге келген малдың санын азсынып, әрқайсысының түсін атап: «Әне бір көк саулық
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)