Жулдыз Талгатовнаhas quoted8 years ago
БІРІНШІ БӨЛІМ
«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кез болады. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп барын, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді. Ләззат терезе алдында. Ауыр ойда. Кеудесі толқып басылады. Бірте-бірте сынық жүзі анық көрінеді. Шашына ертерек ақ кірген, есейіп келе жатқан'әйел. Біз оны үлкен күйзеліс халінде көріп отырмыз. Анасы кіреді. Қызының қиналып тұрғанын байқайды. Аз уақыт үнсіз бақылайды, Ләззаттың қасына келеді.
А н а. Мына бір тұрысын ұнатпай қалдың-ау. Неғып тұрсың Ләззат?
Л ә з з а т (түсінбей). А?
А н а. Тіпті меңіреу боп кетіпті. Неғып тұрсың деймін, қалқам. Сырқаттан амансың ба?
Л ә з з а т. А-а... Жоқ... жоқ, aпa.
А н a. Қартайдым-ау деймін, секемшіл боп барам. Ендеше кішкене бой жазып қайтасың ба, әлде тай берейін бе? Тегін емес қой, бұл сірә, түрінен қорқам, дәл осындай кескінін көрген жоқ едім.
Л ә з з а т. Мейлің, апа.
А н а. Ләзтай, ендеше мен шай қойып жіберейін. Ойпыр-ай, күйреп қалған түрің бар-ау, қалқам, арты қайыр болғай-ақ та. Екеуміз отырып шай ішейікші. Салиханы да шақырайық. Әлгі Қуантай да бүгіп соғам деп еді. Ойпыр-ай көзінде бір сұмдық бар ғой. Бүгін бір бас қосып, сөйтіп шүйіркелесіп отырайықшы.
Л ә з з а т. Не дейсің апа?
А н а. Шай ішейік деймін. Салиханы шақырайық.
Л ә з з а т оқыс ұмтылып анасын құшақтай алады.
Солай үнсіз тұрады.
А н а. Айналайын, көңілің жүдегенде апаңның қойнына тығылатын әдетің есіңе түсті ме? Мауқыңды баса ғой, қалқам.
Л ә з з а т. Апа, менің оп алтыға шыққан жылым ғой деймін. Сол жылғы көктем есіңде ме?
А н а. Ә-ә, есімде. Құдайға шүкір, кішкене шешілейін деді. Сол жылы бір қызғалдақ теріп, қуанып қайтып едің-ау. Әлі көз
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)