Almaz Bimenbethas quoted7 years ago
атуға таянып, әбден шаршағанда қолындағы күректі тастады да:
- Ақсақал! Менің сөзіме жауап берілмейтін болса, мен қайтайын, күн кешкіріп қалды, - дегенде, тақуа:
- Ана бір кісі жүгіріп келеді. Соның кім екенін білейік, - деді. Патса қараса - бір қолымен бүйірін басқан бір жаяу. Патсаның алдына келді де, жығылып, өлерше болып жатты. Қараса, бүйірінен қан саулап тұр. Патса жарасын сумен жуып, белбеуімен таңып, азар дегенде қан тыйылды. Аздан соң патса мен тақуа көтеріп үңгірге кіргізіп, төсекке жатқызды. Жаралы тынымдап ұйықтай бастаған соң, патса әрі төтел қазып, әрі қан жуып шаршағандықтан, босағаға сүйеніп тіпті қатты ұйқыға кетті, жаздың қысқа түнінің өткенін де білмей қалды. Күн шыққанда оянып, жаралыға қарап еді, ол да патсаға қарап тұрды да, нашар ғана дауыспен:
- Ей, патша, кешіңіз, - деді.
- Мен сені танымаймын, нені кешейін?
- Сіз менің әкемді өлтіртіп, бар малымды алғансыз. Сол кегімді алуға сіздің қайтқаныңызды тосып жүргенімде, солдаттарыңыз жолығып жаралап кетті. Егер сіз жарамды таңбасаңыз, мен өлі кісі едім. Осыдан жаным қалса, осы жақсылығыңыз үшін сізге өмірімше құл боламын, әм балаларыма да солай бол деп тапсырамын. Бірақ менің өлтірмек болғанымды кешіңіз! - деп жалынды.
Патса өзін өлтірмек болған дұспанымен арыздасқанына қатты қуанып:
- Сен де кеш! Не нәрсеңді алған болсам, бәрін қайырам. Және саған қазір доктор-күтуші жіберіп, қалаға алғызамын, - деді де, тақуаға:
- Менің үш сөзіме не айтасыз? - деп еді, тақуа:
- Үш сөзіңізге де жауап берілді, - деді.
- Ол қалайша? - дегенде, тақуа айтты:
- Егер сен менің шаршағанымды біліп, маған болыспасаң, ерте қайтар едің де, мынау сені өлтіретін еді. Сондықтан ең жақсы мезгілін тауып істеген ісің - маған болысқан кезің. Онда саған ең керек кісі мен болдым. Онан соңғы ең керекті уақыт, ең керекті іс - мына жаралының жарасын байлап, қанын тыйған уақытың болды. Неге десең, сен үйтіп жәрдем қылмасаң, тірі қалса сенен
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)