Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
ПРОСЛОГИОН
Кейбір бауырлардың қадала талап етуінен кейін, өз-өзімен үнсіз пайымдайтын адамның атынан сенімнің мәні туралы пайымдаудың үлгісін шығарма ретінде жасадым: ол көптеген ой қорытындылардың тізбегінен жасалғанын көре отырып, өзін негіздеуге өзінен басқа ешнәрсені қажет етпейтін, сонымен қатар ол Құдайдың нақты бар екендігін, Ол ешнәрсені мұқтаж етпейтін, оған барлығы өзінің болмысы үшін және амандығы үшін мұқтаж болатын және біздің Құдайлық субстанцияға сенуіміздің нақты негізделуін көрсететін ең жоғарғы игілік екендігін дәлелдейтін барлығына бір қорытынды жауап болады ма деп іздей бастадым. Бірақ та мен бұл нәрсеге жиі және жігерлі кіріскен кезде, менің іздеген нәрсем қарға адым жерде көрінген сияқты, ол кейбір кезде барлығы ақыл-ой аумағынан сусып кетеді, соңында көңілі құлазыған мен, табуға болмайтын затты іздеуді доғаруды шештім. Мен бұл ойды ақылымды босқа алмас үшін және басқалардан көңілімді бұрмас үшін қанша ойымнан алып тастағым келсе де, ол сондай әлдебір қайсарлықпен, оны қаламаса да және одан қорғанса да, жабыса түсті. Міне, оның қайсарлығына қарсыласа отырып, бір күні мен әлсіредім. Бұл ойлар күресінде, бұрындары мені тартпайтын ойларға барлық күшіммен ұстаймын деп ойлаған емес едім. Енді егер мен жазсам, онда ол бір оқырманға ұнаса, Құдайды сырттай пайымдай қарау? Өзінің ақылын жетілдіруге ұмтылған және неге сенетінін ұғынғысы келетін адамның атынан осы туралы төмендегі шығарманы жаздым. Жоғарыда менің айтқанымды, не оны, не басқаны кітап деп айтуға немесе алдын-ала автор болуға тұрмаймын деп шештім, бірақ та оны тақырыпсыз шығарғым келмеді,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)