Asem Sultanhas quoted7 years ago
Данышпан қазы
Алжир жұртының патшасы Бауақас деген қол астындағы қалалардың біреуінде бір данышпан қазы бар, онан өтірік айтып ешкім құтылмайды, даугердің қайсысының ісінің ақ екенін айтпай табады деп есітіп, рас па екен білейінші деп, бір көпес кескінді киініп, қазыға қарай жүрді дейді. Қалаға кіре бергенде, бір аяғы жок ақсақ тіленші қайыр сұрады. Бауақас қайыр беріп өтейін деп еді, тіленші етегінен ұстап айрылмады.
- Мен қайыр бергенім жоқ па, енді не керек - деді Бауакас.
Тіленші айтты:
- Қайыр бердің, бірақ тағы бір қайыр қыл, мені мінгестіріп орам ортасына жеткізіп таста, әйтпесе базардағы ат пен түйелер басып кете ме деп қорқамын -деді.
Бауақас тіленшіні міңгестіріп, орам ортасына жеткен соң тіленшіні түсірейін деп тоқтады. Тіленші түспеді. Бауақас айтты:
- Енді неге тұрсың, түс, орам ортасына жеттік қой.
Тіленші айтты:
- Here түсейін, ат менікі, атыма дау еткің келсе қазыға жүр.
Төңіректегі халық жыйылып, бұлардың дауын есітеді, бәрі де айтты:
- Қазыға барыңыз, ол қайсыңның ақ-қарадды табар - деп. Бауақас тіленшімен қазыға келісті. Келсе, қазының алдында бұрынырақ келіп тұрған да даугерлер бар екен. Қазы ретпен сұрап отырып, бір молда мен мужикті шақырды. Бұл екеуі бір қатынға талас, молда менің қатыным, мужик менің қатыным дейді. Сөздерін тыңдап болып, оларға қазы айтты:
- Қатынды мұнда қалдырып, өздеріңіз ертең келіңіз.
Олардан соң рет бір қасапшы мен май сатушыға келді. Қасапшының тұла-бойы қан майшының үсті-басы май. Қасапшының қолында ұстаған ақшасы бар, майшы сол ақша ұстаған қолынан ұстая жібермей тұр. Қасапшы айтады:
- Мен бұл майшыдан май сатып алып, ақшасын беруге қалтамды шығарып едім, майшы ақшаңның бәрін тартып аламын деп қолымнан ұстады. Сол ұстаған қалыбымен ақшаны тартып алалмаған соң, саған бәле саламын деп сізге келді.
Майшы айтты:
- Бұл сөзі өтірік, қазы. Қасапшы маған май сатып алуға келген соң, бір бақыраш май кұйып бердім. Сонда қасапшы айтты: бір алтын айырып берейін деп. Мен айырып берейін деп қалтасымен ақшамды шығарып, алдымыздағы тақтайға қойғанымда, қасапшы ақшаны алып қашайын деп еді, қолынан ұстай алып, жібермей сізге келтірдім - деді. Тыңдап болып, қазы айтты:
- Ақшаны мұнда қойып, өздеріңіз ертең келіңіз.Енді кезек Бақауас пен Тіленшіге келді. Бақауас бастан аяқ істің мәнісін айтып еді, тіленші дауыстады:
- Мұның сөзі өтірік. Мен атқа мініп қалаға келе жатыр едім, бұл купес жерде отыр екен, қалаға жеткізіп таста деп өтінді. Сонан соң атыма мінгізіп қалаға келтірген соң түс десем аттан түспей, ат тіпті өзімдікі деп әуре етіп жүргені - деді.
Қазы азырақ ойланып тұрып:
- Атты мұнда қойып, өздеріңіз ертең келіңіз - деді.
Қелесі күні кеп кісі жыйылды қазының төресін есітеміз деп.
Әуелі молда мен мужик келді. Оларға қазы бұйырды:
- Қатын молданікі, мужикке елу шыбық ұрыңыз.
Айтқананша сол жерде-ақ қатынды молда алып, мужикке жасауыл елу шыбық ұрды. Екінші қасапшы мен майшы келді. Қазы:
- Ақша қасапшы сенікі, майшыға елу шыбық ұрыныз.
Үшінші Бауақас пен тіленші келді. Қазы Бауақастан сұрады:
- Жиырма аттың ішінен атыңды танып алармысың?
Бауакас айтты:
- Танырмын.
Тіленшіге тағы:
- Сенде танырмысың? - деді қазы.
Ол да айтты:
- Танырмын.
Сонан соң екеуіңде маған еріңіз деп, ат-қораға алып келді. Қораға екеуі Бауақасты кіргізіп, ол көп аттардың ішінен тұптура барып өз атын ұстады. Оның артынан тіленшіні кіргізіп еді, ол да атты танып қасына барды. Сонансоң қазы орнына келіп отырып төре берді:
- Ат купес сенікі, тіленшіге елу шыбық соғыңыз. Бұл істердің төресін беріп орнына келтірген соң, қазы үйіне барды, Бауақас қалмай ере келді.
- Сен неге келесін - деді қазы - әлде берген төреме разы болмадыңыз ба?
- Жоқ - деді Бауақас - төреңізге разымын, бірақ білгім келеді: «қатынның молданікі екенін, ақшаның қасапшынікі екенін, аттың менікі екенін қайдан білдіңіз

жж

  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)