inabathas quoted11 years ago
– Иә, биылғы көктем жауынды болды, – деп бастады Қаратай ендігі әңгімесін. – Біздің «Коминтерннің» астығы да белуардан келіп, жайқалып тұр. Енді күзгі бұршақ-нөсерден аман болса, жұрт рызығы жаман бола қоймас. Әңгіме желісінен жалт беріп, Қаратайдың не болса соны айтып кеткенін мен бірден түсіндім де, тағы не дер екен деп, еңсемді көтерместен, өзіммен өзім болғансып, күйбеңдей бердім. – Жаман бола қоймас, – деп қоштады мамам Қаратайды бейқам үнмен. Оның даусынан: «Ех, Қаратай, менің баламды өйтіп алдарқата алмайсың. Ол бәрін де сезеді, бәрін де түсінеді» деген мағына аңғарылатын еді. Арада бірнеше минут үнсіз өтті. Кенет мамамның: – Балам, – деген қатқыл үні естілді, – сенің сонша күйбеңдеп, таба алмай жатқанын, не зат? Бұл сөз маған алты өрме қамшымен жоталата тартып жібергендей әсер етті. Әсіресе, «балам» деген сөздің зәрі күшті-ақ еді. Өйткені жайшылықта мамам менің атымды атайтын. «Балам» деген мынау ресми үні «үлкендердің сөзіне тыңшылық істемек болған бұл сасық қулығыңды таста» деп, жекіргенмен бірдей еді. Соны тез ұқтым да, қолыма тиген бір журналды ұстап, тайып отырдым. Қаратай бұл күні біздікіне кей-кейдегідей ұзақ отырып алған жоқ. Менің соңымнан кешікпей ол да шықты. Басқа уақытта, кетерінде, әжеммен көңілді қоштасып, маған да бірнеше жылы қалжың, ойын сөздер айтып, жаратпағаныма қарамастан арқа-басымнан қағып аттанатын. Кейде: кел, отыр, ауылды бір айналдырып, серуендетіп әкелейін, деп, жалбақтап, көңілімді тапқысы келетін. Бұл жолы олай емес, қара сұр жүзі онан әрмен күреңітіп, еңсесі түсіп шықты. Ауыз үйдің төрінде тамақ ішіп отырған мені қою қасты салбыраған ауыр қабағының астынан солғын ғана бір шолды да, үндемеді. «Бәйбіше, хош болыңыз», – деп, әжеме арнаған сөзін де әйтеуір міндет санап, иегінен оздырмай, жүрдім-бардым айтып, бөгелместен шығып кетті. Енді бір сәтте мотоциклдің пырс-пырс етіп, шашала оталған үні, оның соңынан мылтық атылғандай патырлап, құлақ
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)