b8645211927has quoted8 years ago
сонда кімге ерегесті, кімнің қылшығы қисайды, кімдердің шат-шадыман тұрмысына ортақ болды, кімдер мүсіркеп, «обал болды-ау» деп маңдайынан сипады; оның бүгін ашқан жаңалығы — басқаны басындырмау үшін, ең әуелі өзіңді жеңу, тек өзіңе сеніп, өзіңе өзің тәрбиеші болу; сен адамдарға керек емессің, адамдар саған керек; егер сен өзіңнің бұл жалғанда бар екеніңді, қолыңнан іс келетін іскерлігіңді дәлелдесең ғана, басқалар назар сала бастамақ; жатқан тастың астынан су жүгіре ме, тәйірі; демек, талант дегеніміз — сол талантты ұйымдастыру; рас, алғашында — жігер-қуаты бойында жалындап жүрген жастың шағында, қарағұстан тиген соққы есеңгіретіп тастады, алғашқы соққыдан-ақ арманын күл-талқан етіп алды да, бар ашуы — ыза, өш-кегін өзінен алғысы келгендей ішімдікке салынды, жинап-терген білімін сыраханаларда айтып, талайдың таңдайын қақтырды; оның біліміне, білгіштігіне тәнті болған студенттер үйірсек тартып, пір тұтып жүрді де, ой қайталауы көбейіп бара жатқан соң, сырғаңсып кеткен; дос-жаран, құрбы-құрдастардан біртіндеп айрыла бастады; ақыр аяғында әйелі де бұдан бас тартып, баласын ертіп төркініне кетіп тынды; жалғыздың басталды; жұмыссыздық басталды; тайғанақ тағдыр басталды; ол бәрінен бұрын студенттердің алдында көсіліп оқыр лекциясын сағынатын.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)