inabathas quoted12 years ago
болатыныңда ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші болады. Ақ, қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не жоғына үңілмейді. – Қожа тәртіпсіз! – Қожа оңбаған! Осылайша шу көтеріп, даңғазалап алып кете жөнеледі. Су жағасы жайдақ, құмдауыт. Тырс етіп, менен өзге бір баланың келмеуін көрдің бе. Жалғыздан-жалғыз шомылу да көңілсіз. Судың шетіндегі дымқыл құмда біреудің жалаң аяқ ізі сайрап жатыр. Мүмкін, осы Жанардың ізі шығар. Тани қоятын адамдай еңкейіп, үңіліп тұрып қараймын. Иә, Жанардың ізі. Ақырын ептеп қана аяғымды салып байқаймын. Із аздап кішілеу келеді. Иә, бұл Жанардың ізі болуға тиіс. Бойымды тәтті бір сезім жайлайды да, со күйде қимылдамастан тұрып қаламын.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)