Айзада Абдуллаеваhas quoted7 years ago
ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА
АНСЕЛЬМ КЕНТЕРБЕРИЙСКИЙ
(1033-1109)
(Аударған Н. Байтенова)
Ансельм Кентерберийский (Ансельм д'Аоста) – ортағасырлық теолог және философ, ерте схоластиканың өкілі. 1076-1077 жылдары Ансельм өзінің ең әйгілі еңбектерін жазады: "Монологион" және "Прослогион", "Сауаттылық туралы", "Ақиқат туралы", "Еркін таңдау туралы", "Жын - шайтанның құлауы туралы", "Үштік туралы" және т.б. Августин сияқты, Ансельм де сенімді ақылдан жоғары түру керек деп есептеп, екі принципке негізделді: "түсінуді іздейтін сенім" және "түсіну үшін сену" керек деп есептеді. Сенім рационалды жолмен негізделу мүмкіндігін де жоққа шығармады, дегенмен рационалдық ізденіс өзінің логикалық қозғалысында сенімнен бастау алады. Сенім ақиқаты рационалдық ізденістің нәтижесі емес, ол рационалдық конструкцияның негізі, оның бастамасы және аяғы болып табылады.. Ансельм христиан догматтарын — мызғымайтын, тұрақты ақиқат деп қарады; бірақ, сонымен қатар сенуші адамның сенімін бекіту үшін рационалды тұрғыдан танып білу керек деп есептеді. Универсалийлерге байланысты пікір таласта Ансельм реализмнің шеткі позициясында тұрды. Ансельм философиясының маңызды ерекшелігі деп айтуға болады, ол Құдай болмысының онтологиялық дәлелін негіздеді. Құдай идеясы оның еңбектерінің негізгі тақырыбы болып табылады. Ол ең алдымен нақтылай түседі: Құдайдың бар болуы туралы айту оның табиғаты туралы айтумен тең емес. Бұл айырмашылықты оның "Монологионынан" табуға болады, Ансельм осы белгілі жұмыстарының бірінде апостериорлық дәлелдерді тұжырымдайды, яғни мұнда Құдайды себеп салдар байланыстылығы арқылы дәлелдеуге тырысады. Ал Құдай болмысының априорлық немесе онтологиялық дәлелін біз оның келесі әйгілі еңбегі
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)