Nurgalym Khabidollahas quoted8 years ago
Ортағасырлық мұсылман дүниесінің гуманистік әлеуеті туралы мәселені баяндамастан бұрын гуманизм мәселесінің өзі туралы ойлану қажет. Гуманизм дегеніміз не? Гуманизмнің мәні неде? Бұл сұраққа айқын да түсінікті жауап арқылы ғана өзіміз ойлаған тақырыпты релевантты талқылауды құра аламыз. Және де тек осы арадан бастап исламдық ортағасырлық ойлау гуманизмді өрістету мен ашып көрсетуге жағдай жасауды қамтамасыз ете алатын, алмайтынын түсіндіруге болады.
Адам дүниесі мен адамның өзіндегі адамгершіліктің дамуы ретінде гуманизмді әртүрлі түсіну тек үстіртін ақыл үшін ғана қанағаттанарлық болуы мүмкін (философияға өз мазмұнын қоғамдық пікірден сарқып және осы материалды жалпылаумен шектелудің, яғни бұл мазмұнға неғұрлым абстрактілі форма берудің қажеті болған жоқ).
Гуманизм мақсатын адамның адамдануынан көре отырып, біз тағы да гуманизмді және гуманизмнің перспективасы неде екендігін түсінуге болмашы болса да жақындай алмаймыз «Егер де адамдар гуманизмді адам өзінің адамдығы үшін азаттық алды және одан өз қадір-қасиетін тапты деп түсінсе, онда адамның «азаттығы» мен адам «табиғатын» түсіндіруіне қарай гуманизм әр түрлі болып шығады. Және де оны іске асырудың жолдары да ерекшеленеді» 232.
Хайдеггердің гуманизм тақырыбын баяндау адам
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)