iKitapDYKENIhas quoted8 years ago
Өзенді жерге бас ұрған,
Кезеңнен қуып асырған,
Найзаға шелек байлаған,
Қазақты шауып —
Жылқысын қуып айдаған.
Байлық десең, бізде бар,
Билік десең, бізде бар.
Шоңлық десең, бізде бар.
Елімнің жоғарғы шетін айтайын:
Маралды мен Сантаста,
Төменгі шетін айтайын,
Бетегелі Қойтаста.
Елімнің жоғарғы шетін айтайын,
Сарыбағыш пен Мұңдызым,
Жағамдағы құндызым,
Маңдайдағы жұлдызым.
Мұндызымнан бастасам,
Сойылар сенің бір қызың.
Бұғы деген көп жұртым,
Байлық десең мұнда бар,
Билік десең мұнда бар,
Көкше қоян құмда бар,
Мендей жыршы кімде бар?!
Айдаса малын жинаған,
Дұшпанды шауып қинаған,
Сару деген қырғызым.
Былайғы жатқан Саруым,
Саруымнан қозғасам,
Күні-түні айтсам да,
Бұған келмес қаруың.
Былайғы жатқан оңбағыс,
Қашқарда жатқан шоңбағыс,
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)