Nurai Akjan
Nurai Akjanдәйексөз қалдырды10 ай бұрын
Абайдың поэмалары туралы
Абайдың оригиналдық поэмасы үш шығарма: "Масғұт", "Ескендір", "Әзім".
Бұл үш поэманың бәрі де ақынның қазақ өмірінен, соның ішінде бұрынғы шығармаларындай, өз ортасы, өз дәуірінің болмысынан алған шығармалары емес. Үшеуі де шығыстық дастан аңыздардан немесе ертегілік тақырыптардан алынған сюжеттерге құрылады.
Тегінде, Абай бірнеше өлендерінде поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізденетін. Сонда Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ, сары ала қызды жырлағам жоқ деп бір кезек айтса, тағы бір уақытта ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тындар едіңдеп, оқушыны шеней түсетін. Жәй бос уақыт өткізетін қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тындар едің дейтұғын.
Ондай әңгімелі өлендерден Абай өзі ойлаған өсиеттік, адамгершілік терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек, кейін тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызады. Ал, солай бола тұрса да, өзін-өзі тежеп, ақындық шығармаға жанр жағынан да арнаулы қатал талап қойған ақынның, жоғарыда аталған, үш поэманы жазғанын көреміз.
Бірақ жалпы алғанда, көлемдері азғана, оқиға, сюжеттері шағын шыққан осы поэмалардың да негізгі идеясы мен мақсаты Абайдың көп лирикалық шығармаларындай, ұстаздық тәрбиелік ойларға арналғанын көреміз. Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың, не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмайды. Олардың поэмалары кең өмірді мол қамтитын, кейде роман- поэма, кейде қалың уақиғалы, шытырман шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды.
Осы жылдарды еске алганда, Абайдың біз тексергелі отырган поэмалары, ең әуелі жоғарыда ескерткендей, шағын халдерді алып, содан өсиеттік, ұстаздық ой туғызуға тырысады. Екінші жағынан, Абай өзінің ұзақ шығармалар тудырарлық қуатын байқап, осы тұста тәжірибе жасап көреді.
Енді осы айтылған жалпы жайларды жеке шығармала
Мұхтар Әуезов
Абайдың по­э­ма­лары ту­ралы
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды