b8645211927has quoted8 years ago
кімдер өтпеді: қаһарынан қан тамған хан, байлықтан бастау ағызған бай, мұқым әлемді аузына қаратқан ғұламалар... Кәне, солардың мың жасағаны, кәне, солардың о дүниеден қайтып оралғаны? Сонда не үшін өмір сүру керек? Бәлкім, ұрпақ үшін, ұлт үшін... Бірақ сол ұлтқа мен секілді «алқаш», жоқ болмаса Ерік секілді топас та тоғышар ұрпақ керек пе? НЕГЕ БІЗ ОСЫ ұрпақтың рухы мықты, дені сау, дауласкер де күрескер, ана тілін ғашығынан да артық ардақтайтын асыл тектілігі үшін, ізгілікті әрекеттер үшін тәрбиелемейміз? Азап шегіп, жарымжан да жарымес, делқұл да дүбәра ұлтқа айналып, азып-тозып азғынды жолға түскен елдің іріп-шіруін көргенше, сол ұлттың құрып кеткені ләзім-ау... Ал Шалдың әрекеті ше? Тығырықтан шығудың жалғыз жолы осы ғана ма? Жо-жоқ, бұл амалсыздың күйін кешкен тым-тым жіңішке жол. Сонда не істеу керек? Егер қаладағы қазақтардың қалың ортасына барып: «Оу, ағайын, ес-ақылдарыңды жиыңдар! БІЗ қатыгезденіп барамыз, БІЗ имансызданып барамыз, БІЗ айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз, бір күнгі қызды-қызды қызыққа мастанып, тасыраңдап кеттік, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып, құрдым дәуреннің әләуләйін шырқап жүрміз; тамаша өмірдің тасқынымен ығып, ығысып ағамыз келіп, ағысқа қарсы жүзу не болмаса жағалауға қарай ұмтылу жоқ, өмір сүрудің ең оңай тәсілін
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)