Журсинбаева Гулнурhas quoted7 years ago
Әңгіме
Кесепаттан аман болса, адамдар көп жасар еді. Бірақ күнді түн аңдып тұрғаны сияқты адамды да анадан туар-тумастан қырсық аңдиды да тұрады. Бұл ретте адам теңіз тасбақасымен тағдырлас. Теңіз тасбақасы суда өмір сүрсе де, жұмыртқасын құмға салады. Обалы не керек, теңіз тасбақасы көп жұмыртқалайды. Бірі болмаса бірі аман қалар деген үміт пе, әйтеуір, бір маусымда отыз-қырық тұқым табатыны рас. Ал сол отыз-қырықтың бәрі балаласа, теңіз тұрмақ, жер бетіне тасбақа сыймай кетер еді. Қайдан болсын...
Тасбақа жұмыртқасының жөргегі ып-ыстық құм ғой. Обалы нешік, құм-жөргек жетім жұмыртқаларға ана орнына ана болады-ақ. Жетім дейтініміз — теңіз тасбақасы жұмыртқаларын құмға салып болысымен-ақ көз жасын қол қылып, суға қарай сүйретіледі. Оған сусыз өмір сүру жұмыртқалап болғанша ғана берілген. Жұмыртқалап болдың екен, тезірек теңізге жет, әйтпесе өлесің.
Қатал заң солай. Ендігі жерде ол тұқымдарына пана бола алмас. Жетімдері құм-жөргекке аманат.
Кұм-жөргек тасбақаның жұмыртқаларын қымтап-қымтап бауырына басар-ау, ай-күні жеткенде бармақтай-бармақтай балақайлар құм-жөргекті тесіп шығып, ата-бабадан хатсыз қалып келе жатқан ақыл бойынша, яғни өмір заңы бойынша тырбаңдап, тіке теңізге қарай асығар. Әне, бәленің басы осы құм мен теңіз арасында. Әлі сауыты қатпаған балғын тасбақаның етіне жерік жалмауыздар жан-жақтан андыздап берер. Қарақұс қаптап, жыландар сумаңдайды. Құм-жөргектен жаңа шыққан қызылшақа тасбақаларды қырып береді. Теңізге талықсып жетіп, суға сүңгитіндері бірен-саран. Ал енді сол суға аман-есен жеткендері жыртқыш балықтардан cay қалса, теңіз тасбақасы екі жүз, үш жүз жыл жайбарақат жасай береді.
Адам да көп жасар еді. Кедергі көп. Кеше ғана Асаннан қара қағаз келді. Қағазға қап-қара қайғы орап жіберіпті. Ал сол Асан оқ тимесе, ең кемі жүз жасайтын қара нардың өзі еді. Жарасы тырнақтай-ақ болса да, оқтан өткір ажал жоқ.
Ағаш та адам тақылеттес. Тамырына балта, өзегіне өрт тимесе, жұлынын құрт кемірмесе, жасын түсіп жайрамаса — ағаш кеп жасайды. Алатаудың Ташкентке жетер-жетпес құйрығында жатқан жаннаты Бостандық жерінде бір шынар тұр. Өзбектер
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)