aselspanbetovahas quoted7 years ago
Роман-трилогия
1-КІТАП
Туған Ел, кіндік жұрт, анa тілі әр азаматтың,
қасиетін өсіретін де, өшіретін де киелі үш ұғым,
Ел, Жер, Tiл - жаның, арың, нәрің!
Жүрегі Елімдей елжіреген, Жаны жалауындай жайсаң,
Абзал Ана, асыл аға, сіздерге арнадым бұл еңбегімді!
ӘЛҚИССА
Күй күңіренеді...
Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай-сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. Тырсиған желіннен аппақ сүт тамады. Мөлт-мөлт тамады. Киелі ақ сүт - ана көңілдің шарқ ұрған аңырауы, аңсауы!
Ақсақ құлан үйірінен шығандап шығып, құла түзге құлдырап барып сіңгенде, аласұрған көңілден ала құйын күй туған. Аңырап, армандап туған. Сол заманда - ақ қараңғы қапшағай мен алыс атырауды, жапан түз бен дүлей тоғайды азынай аралап кеткен ғұмыр күйден кек ширатқан атой - ұран тасып төгілген. Домбыраның егіз ішегі азалы шерден ызалы күйік қайырғанда, тау мен тастың тарғыл тағысы тар соқпақта таласпай табысып, татуласып тарасқан. Қай – қай заманда да қайғы мен мұң қапалы жанның көндей сірі көңілінің көбесін қақыратып сөккен. Қай – қай заманда да жан азабы жай таптырмағанда, тұяқ дүбірі мен домбыра сарыны кең әлемді сарсыла шарлап, сарнап - зарлап алған! Ат жетпес, оқ өтпес кекті бебеулеп боздап, ән салып, күй шалып
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)