Maulen Janbolathas quoted4 years ago
Шәкәрім жайлауда Абай ауылына барады. Үйде Абай тұрғылас ақсақал дар толып отыр екен. Ақын сәлем беріп кіргенде Абай: «Кімді айтса, сол келеді» дегендей, Шәкәрім, келгенің жақсы болды. Мен мына ақсақалдарға айтып отыр едім. Мен етек басты болып, білім қуа алмай қалдым. Сол көксеген арманымды Шәкәрім арқылы орындаймын деп, саған білім қуғызатын болдым!» дейді. «Сенің өзгелерден қабілетің жоғары, озықсың!» деген мақтау бар мұнда. Мақтауға сараң, «болдық, толдық» деуден аулақ, арқадан қағудан гөрі қақпайлап қоюға бейіл сыншыл ағасы Абайдың бұл сөзі өзіне үлкен әсер еткенін Шәкәрім баласы Ахаттан жасырмай: «Осыдан соң бар ынтамды салып, еңбек етуге айналдым» деп әңгімелеген екен.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)