inabathas quoted12 years ago
– Бұның ойын емес, шық ұзын жолдан. – Өз еркім. Шыққым келсе, шығам, шыққым келмесе, шықпаймын. – Жоқ, шық ұзын жолдан. – Шықпаймын. – Ендеше сен жеңілдің. – Жоқ, жеңілгем жоқ. – Жеңілдің. – Жеңілгем жоқ. – Жеңілдің. Бұдан былай мен сені мақтаншақ Қожа деп атаймын. Жанар екеуіміз осы арада кәдімгідей қызыл кеңірдек болып қалдық. Ол жеңілдің дейді, мен жеңілгем жоқ, кәне ойын аяқталғанша ойнаймыз деймін. Ендеше ұзын жолдан шық дейді ол. Шықпаймын деймін мен. Ақыры: – Ойнамаймын сенімен, – деп, Жанар ұртын бұртитып, дойбыны жинап алды. – Ойнамасаң қой, – дедім мен де есемді жібергім келмей. Осы кезде қақпа алдындағы қара төбет арс-арс үріп барып басылды. Шиқылдап дарбаза ашылғандай болды. – Әжем келді ғой деймін, – деп, Жанар сыртқа жүгіре жөнелді. Мен соңынан шықтым. Қақпаға кіріп келе жатқан әжесі Жанарға: – Ой шыбыным, жалғыз отырмысың? – дей берді де, мені көріп, – мына бала Қожа ма? – деп сұрады. Кемпірдің үнінде мені жаратпағандық бар еді. – Иә, – деп жауап берді Жанар маған бұртия қарап. – Бұ неғып жүр мұнда? – Екеуміз дойбы ойнап отырдық. – Балам, бар үйіңе, – деді кемпір маған. – Жанаржан, ит қауып алмасын, шығарып жіберші. Мен итті шабаландырып, қақпаны айналып жүрмей-ақ шарбақтан секіріп жөнелгім келді. Мейлі, дойбыдан салуым болмаса да тәуір физкультурашы екенімді Жанар тағы бір рет көрсін. Осындай орайы кеп тұрғанда сондай өнеріммен болса да оған ұнап кеткім келді. – Сау болыңыздар.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)