b1201715830has quoted6 years ago
ерекше тағылық жайындықпен қалтырап қорқатын.
Мына түнде істеп кеткен зорлық, жуандықтан басқа ертеңгі күн осы дұспандар қорғансыз басын ең аяғы абақтыға шейін де аямастан апаратынын ойлағанда, Бақтығұл дүние тіршіліктің барлығын талақ ететіндей жиренішке жетті.
Бір өзінің басынан басқа барлық адам баласын тұтас кекті дұспан сияқты көріп, ерекше жек көріп: "Қырғын тапса екен. Апатқа ұшыраса екен. Үйелменімен өртеніп я жер жұтып кетсе екен", - дегендей уланған дұшпандық ниетіне кетті. Бірақ ол арманы болмайды. Ел көп, жау қалың, мықты. Енді басты амандау керек.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)