Журсинбаева Гулнурhas quoted8 years ago
БАЛУАН – ШОЛАҚ
(Аңыз)
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын:
Кешегі сентябрьдің базарында11
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс - қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан22мынау басым.
Залок33сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
(Балуан-Шолақтың өз өлеңінен)
«АЛЫП — АНАДАН ТУАДЫ»
Ол ауылдың қыстауы Қайрақты көлінің жағасында, қалың орманның арасында еді.
Қабағына қайғының бұлты оралып, кеудесін кернеген шерді, күркіреген күндей уһлеумен жеңілткісі кеп, көз жасы бұлақтай саулаған ауылды еліктегендей, я, қайғысына ортақтасқандай, сол күні күздің қара сұрғылт бұлты нөсерлей жауды, жел ышқына соқты.
— Болыңдар! Жөнеңдер, тез! Жоғалыңдар! — деп ат үстінен айдаһардай ысқырған полицейский урядниктің сілтеген қамшысы бұлттан жарқыраған найзағайдай ирелеңдеп, талайдың арқасын тіліп түсті.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)