Равиль Ашығалиевhas quoted5 years ago
Мұнан кейін Ырысбек біздің үйге кірген. Әжем қалбалақтап есі шығып, мүлде қуанып қалды.
− О, айналайын! Жарықтық көкемнің баласы екен ғой! Басыңнан айналайын, көзіңнен айналайын, қолыңнан айналайын...- деп бір сүйіп, бір жылап, шұбырта айналып-толғанып жатыр.
Қызғанып кеттім де шыдай алмай:
− Әже! - деп жетіп бардым алдына айқайлап.
Әжем меселіңді қайтарушы ма еді сүюден.
− Сені де айналайын, жігіт боп, ағасына ауылды көрсетіп ертіп жүрген,- деп шолпылдатып мені де мұрыннан, көзден сүйіп-сүйіп алды. Одан есік жақта тұрған Әжібекке таяп: -Әжібекпісің? Ой, тентек, одырайып тұр ғой өзі!.. Кәне, бетті әкел! Сені де айналайын, тентегінен! - деп оны да сүйді.
Әй, әжем-ай, осынша дарқан сүйешек болармысың, дүниеде сендей әже жоқ-ақ шығар. Кәне, кімнің әжесі өстіп жұрттың бәрін алаламай мейірленіп сүйе алады?! Мен төбем көкке екі елі жетпей тұрмын. Міне, әжең болса осындай болсын деп, айқай салғым келеді мақтанып.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)