Аружан Гинаятоваhas quoted5 years ago
таяғы күннен-күнге: «Жетім ит». «Жаман неме?» — деп көзге шұқып, жиі-жиі тие бастады.

Бүгінгі Қасым жалғыз келе жатқан түннің алдында таңертеңнен кешке шейін Иса мен Қадиша, бұны үйіне жолатпай, ауылдан қуып жүріп сабап еді.

Ақырғы рет кеш алдында күні бойы жылаумен үздігіп әлі біткен Қасым жетімектің барлық сорлылығына бойсұнған пішінімен Исаның үйін жағалап келе жатыр еді.

Жаутаңдаған көзімен жылы шырай іздеп келе жатқанда, алдында бұрынғыдай зәрленіп тұрған Исаны көрді. Иса бұған «сен қарсы келдің» деген зілмен тағы да ұрмақшы болып қарсы жүгірді. Сол уақытта Қасым жаны күйіп шыдай алмай жылап жүріп сөйлеп:
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)