b8645211927has quoted8 years ago
Бұл менмендік, әсіресе, тарихшылар мен философтарға, сонымен қатар орысша оқып, ойлап, жазатындарға, немесе өз ұлтын тым-тым, сүйетіндерге тән сипат. Меніңше, ұлтты жақсы көру дегеніміз — тек жақсылығын ғана көру емес. Ұлттың рухани түлеуі мен өсуі үшін, оның жетістіктеріне таңдай қаға тамсану, ұдайы табыну ғана ма? Кемшіліктерін де көріп, қайтып қайталанбауы үшін күресу емес пе... Мұны орыс ғұламалары әлдеқашан мойындаған. Мәдени топырағы құнарлы қазақ халқы Абай, Шоқан, Мұхтардың мәуесін ғана теріп, ыңғай-ылғи жарылқана берген жоқ, сұрқиялары мен сатқындарының да сан алуан түрін көрді, көріп те жүр. Oлар осы тауда да бар... Төтеден төнген қысым да, қауіп те жоқ, қой үстіне бозторғай жұмыртақалаған мамырстан заманда биікке шыққанымызды күндеп, етекте қалғанымызды тілдеп, ішегімізге қыл айналмайтын қызғаныш отына жылынып, қызара бөртіп жүре береміз бе? Анау, тағдырдың таланына таланған шал, барлығымызды мансұқ етіп неге кетті? Ал мен неге қайтпаймын ел-жұртыма? Неге?! Жамандықтан құтылудың жолы, сол жамандықтың батпағын кешіп жүріп күресу емес пе еді. Мен тазардым! Мен енді ішімдік атаулыға қарғыс айтып өтемін. Айнаға берген антымның ала жібін аттамаспын. Дүниедегі ең киелі нәрсе — әйелге берген ант. Мен түзелдім, ағайын! Осымен бүкіл халықтың дені тазарып кетті ме? Осы ойларымды халықтың ортасына барып, жар салып айтайыншы — ақылынан алжасты деп ақымаққа балар. Адам қараптан қарап ақымақ болмайды, ақымақ етер адамдар... Кемшіліктің киімін киіп ешкім тумайды, кемшілікті үйрететін үлкендер. Ішімдікке салыну, ана тілінен жеріну, дәстүр
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)