Влад Хрусталёвhas quoted5 years ago
тарихында тұңғыш рет жанды метеориттер жауынын көріп отырсыздар. Кибер, дереу биомагнитті іске қос! — деп дауыстап жіберді ол.
Осы кезде Кибер астыңғы отсектен сүйретіп бірнеше сүлік тәріздес жанды заттарды әкеліп тастай салды.
— Қастерлім, Туранов! Мен сіздің осындай бұйрығыңыздың болатынын алдын ала бал ашып біліп едім. Биомагнит сізге тамаша космос балықтарын ұстап берді. Кәнеки, ауыз тиіп көрелікщі,— деді ол.
Экипаж мүшелері жапырлай жүгірісіп космос сүліктерін көре бастады. Мәриям резина қолғабын киіп те үлгеріпті. Жүгіріп келіп ұстай алды да, жиіркеніп тастай салды.
— Кибер-ау, мына біреулерің ішке кірмей жатып өліп қалды ғой!
Космос балықтары расында да тұяқ серіппей тарамысша тартылып қалды. Денелерінен жасыл сұйық бөлініп жатыр.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)