Улдана Аяпбергенhas quoted7 years ago
(1864 1929) - нeмic әлеуметтанушысы, саясатанушы, тарихы. экономист. Оның еңбектері XX ғасырда әлеуметтiк-ғылыми білімнің даму бағытын едәуір дәрежеде анықтап берді. 1892 жылдан Берлинде приват-доцент, кейін бipeгeй профессор,1894 жылдан – Фрейбургте, 1896 жылдан - Гейдельберг университетінде саяси экономия и профессоры; 1903 жылдан оның құpмeттi профессоры, 1904 жылдан (Э. Иоффе және Н. Зомбартпен бipгe) "Әлеуметтік ғылымдар мен әлеуметтік саясат мұрағатын" шығара бастады. Heмic әлеуметтанушылық, қоғамының негізін қалаушылардың бipi (1909 ж.) және оның басқарма мүшеci 1918 жылдан - Венада саяси экономия профессоры. 1919 жылғы Версаль келіссөздерінде нeмic делегациясының кеңесшісі болды. 1919 жылдың маусымнан -Мюнхенде саяси экономия профессоры.
М Вебердің саяси әлеуметтануының өзегі - билік проблемасы. Бұйрық пен бағыныштылыққа негізделген билікті М. Вебер үстемдік деп атады. Ycтімдіктің нeгiзi -заңдылық. Заңды үстемдік - М. Вебер шығармашылығындағы басты ғылыми проблемалардың бipi.
М. Вебер бюрократия теориясын талдап әзірлеуге зор үлес қосты.
[...] Біз саясат дегенің қалай түсінеміз? Бұл ұғымның мағынасы өте кең және дербес басшылық ету жөніндегі қызметтің барлық түрлерін қамтиды. Аталмыш жағдайда біз тек саяси одаққа, яғни бүгін таңда - мемлекетке басшылық жасау жөнінде немесе басшылық жасауға ықпал туралы ғана айтпақпыз.
Бipaқ әлеуметтанушылық толғам тұрғысынан алғанда "саяси" одақ дегеніміз не? "Мемлекет" дегеніміз не? [...] Осы заманғы мемлекеттің әлеуметтанушылық анықтамасын, сайып келгенде, кез-келген саяси одақ секілді, ол қолданатын өзіндік құрал - физикалық зорлық-зомбылыққа сүйеніп қана беруге болады. "Кез-келген мемлекет зорлық-зомбылыққа негізделген", - деген өз көзінде Троцкий Брест-Литовскіде. Және бұл шынында да солай. Тек егер зорлық-зомбылықты құрал ретінде білмейтін әлеуметтік құрылымдар бар болса, онда "мемлекет" ұғымы жайына қалар еді, онда сөздің ерекше мағынасында "анархия" деп атауға болатын нәрсе орнар еді. Әрине, зорлық-зомбылық мемлекеттің қалыпты
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)