Нұрсәуле Зарықханhas quoted8 years ago
Жабағылы», – дей берді. Сәлден соң: «Мені Ақсу-Жабағылыға апарып жерле», – деп жаутаңдады. Көзіндегі жалыныштан жаным шыр-шыр еткендей болды. Ол тілегін орындай алмадым. Балапан басымен, тұрымтай тұсымен дегендей, шамамның келгені осы болды, Тұрар.
Жамау тонды Дәуіт шал бүк түсіп жатқан бүйірі тесік төмпешікке мұңая қарады.
Ақсу-Жабағылыда Рысқұлдың несі қалды? Неге сонша бір жетуге зар болды? Ақырет мекеніне неге сонша Ақсу-Жабағылыны қалады? Ақырғы арманы екен, о да орындалмаған-ау сонда. Соноу Итжеккенде он жыл жүріп, жалаң аяқ жар кешіп, Қызыл аяқ қар кешіп, тілерсегін кісен қиып, ақбақай болған бұғаулы бозым, онда он алтыншы жылдың Меркедегі ойранынан кейін Төменгі Таласқа тартқанша, жаралы тәнін Ақсу-Жабағылысына қарай неге сүйретпеген?
Зират басында тұрғандардың көкейінде осы сұрақ қалды. Бірақ жауап болмады. Бүк түсіп жатқан жербесік тіл қатпады. Тек айнала тұрған қу шеңгелдің қоңыраушалары былдыр-былдыр, шылдыр-шылдыр ызың қағып, теріскей желдің лебінен баяу ғана тербеледі. Шеңгел бұтағына ілінген жұп-жұқа қабық Жылан жылының жалмауыз жалауындай желбірейді. Бәлкім, Рысқұл да мына Ойық жеріне қабығын ғана қалдырып, өзі сол арман тауы – Ақсу-Жабағылысына кеткен шығар.
Тұрар төмпешік жербесікке телміріп тұрып, әкесінің бет-кейпін, түр-тұлғасын көз алдына келтірмек болды. Бейне көмескілене бастаған екен. Бұлдырай береді. Соңғы рет Сібірге кетерде екі қолы артына қайырылулы, жантайып жатып, мойнын соза, үздіге қарағаны көз алдында анық қалыпты.
Әсіресе Тұрардың есінен кетпес елес – Рысқұлдың Қызыл Жебеге мініп, көкпар тартқаны ғой. Сол сәтті көргені қандай оңды болған. Әкесінің бүкіл қиқар өмірі жиналып, сол бір жұлдызды сәтке татымайтын сияқты. Бүкіл ғұмырының шарықтаған шыңы – сол Қызыл Жебеге тақымы тиген кез. Адамның найзағайды ерттеп мінген бір сәті. Әттең, сол сурет өнер тіліне көшер ме еді! Тұрар суретші болмағанына өкінді. Уақыт мейірімсіз. Көңілдегі көне суретін бірте-бірте көмескілендіре беретін сияқты.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)