Almaz Bimenbethas quoted7 years ago
Бір патса: «Үш түрлі нәрсені күні бұрын білген адам бақытты болар еді, - деп, - соны тауып берген кісіге көп сый беремін», - деп жариялапты. Ол үшеуі: бірінші - «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы?» Екінші - «Ең керекті кісі кім?» Үшіншісі- «Ең керекті іс не?»
Бұл хабармен неше түрлі халық, көп жандар жиылып, әрқайсысы бір сөз айтты. Мысалы, кейбірі: «Күн сайын, жұма, ай сайын қылатын істі күні бұрын реттеп жазып қою керек», - деді. Кейбірі: «Онан түк пайда жоқ. Немене кез боларын қайдан білуге болады? Өйтіп орынсызға әуре болмай, ең керекті іс кез болғанда алды-артын байқап, әбден ойланып іс қылу керек», - деді. Кейбіреулері: «Жалғыз патса қанша ойлағанмен, қате қылуы мүмкін. Ондай іс кез болғанда, білімділерді жиып кеңесу керек», - деді. Кейбіреулері: «Кей істе үйтіп кеңесуге уақыт тар болады. Онан да күні бұрын ғайыпты білетін сиқыршы, бақсылар айтып, соның ақылымен болуы керек», - деді.
Патсаның «Ең керекті кісі кім?! дегеніне де әркім әр түрлі сөз айтты. Мысалы, біреулер «уәзір» деді. Біреулер «молдалар», біреулер «доктор», кейбіреуі «солдаттар» деп, әр қайсысы әр түрлі сөйледі. «Ең керекті іс қай іс?» дегеніне де әртүрлі айтылып, кейбірі «оқу» деді, кейі «соғыс үйрету», кейі «Құдайға құлшылық қылу» деді. Сөз әртүрлі болып, патса ешкімге сый да бере алмады, ойын да шештіре алмады.
Сол қалаға жақын маңайда бір асқан ақылды тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып, уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп жатушы еді. Біреу ақыл сұраса, дұрыс айтып беруші еді. Бірақ аса сәнді киімділерді жолатпаушы еді. Патса сонан ақыл сұрамақ болып, құба-төбел киініп, жаяу барса, ағаш егетін шұқыр қазып жатыр екен. Ақыл сұрай келген үш сөзін айтып еді, тақуа ханның ол сөзіне жауап қайырмай, алақанына бір түкіріп күрекпен топырағын лақтыра берді. Аздан соң тақуаның шаршағанын біліп:
- Күректі маған беріңіз, мен біраз болысайын, - деген соң:
- Рахмет, шырағым! - деп күректі берді де, демін алып отырды. Патса екі шұқыр қазып шаршаған соң, сұрай келген сөзіне жауап сұрап еді, тақуа:
- Сен шаршаған шығарсың, енді мен болысайын, - деп күректі сұраса да бермей, патса тағы екі сағатқа шейін жер қазады.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)