Нурик Аскаровhas quoted7 years ago
Б е к б о л а т. Саламатсыздар ма. Сіздерге бір аз ғапа әңгіме айтып бергім келіп тұр. Бірақ соңынан осы әңгімені айтқан кім, өзі бір суайт емес пе?— деп таласып, шекісіп қалмауларыңыз үшін алдымен өзімді таныстырып өтейін. Менің атым Бекболат. Қай Бекболат дейсіз бе? Кәдімгі студент Бекболат. Иә, сол Бекболаттың өзі. Тұрағым жатақхана. Иә, мен ауылдан келдім ғой. «Ауылдан келгендерді де білеміз» депсіз бе? Әрине білесіз. Ә-ә, сіз (тамағын шертіп) мынаны айтасыз ба? Татып алмаймын десем сене қоярсыз, о. Әрине реті келіп қалғанда... Бірақ менің қалтамнан бірдеңе шығады екен деп алданып қалмаңыз. Мен байғұс сараң емеспін-ау. Жоқшылық жомарт ердің қолын байлайды. Тұрмыс халім мықты емес. Өйткені артымнан ай сайын ақша салып тұрарлық ата-аналарым да мықты емес. «Ендеше оқуға қалай түстің» дейсіз бе? Ұстаған жерін қарашы. Қой-қой ағайын, бас жағына барыспайық. Қытықты сөзге барып қайтеміз, одан да Қабанбай деген досымның бір хикаясын айтып берейін. Ол өзі жақсы жігіт. Бар міні сөлекет. Осы оқиға да соның сөлекеттігінен басталды. Әнекей, естідіңіздер ме?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)