Карлыгаш Жуматоваhas quoted7 years ago
Ол орнынан қалай тұрып, кабинет ішінде екі қолын артына ұстап, қалай сенделіп кеткенін өзі де сезбей қалды. Телефон трубкасынан шыққан белгісіз бір күш оны орнынан жеп-жеңіл көтеріп алды да, оп-оңай сенделтіп жібере қойды.
Ол кабинет ішінде сенделіп жүрген кезінде оның не себепті сенделуге мәжбүр болғанын айта кетейік.
Бұл аудан – ежелден малды аудан. Тіпті, революцияға дейін бұл жердің аты малмен шыққан. Малы көп болған соң бұл арадан ет комбинаты салынған. Ет комбинаты салынған соң, әрине, тері илейтін комбинаттың қажеттігі келіп туатыны белгілі. Сөйтіп, бұл жерден алғаш рет тері илейтін шеберхана ашылады. Сол шеберхана Қазақстандағы тері өңдеу өнеркәсібінің тұңғышы боп шығады да, бертін келе еліміздегі ең ірі комбинаттардың біріне айналады. Былтырғы жылы сол комбинаттың жүзжылдық мерекесіне аудан, облыс, қала берді республика боп қызу дайындалд
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)