Көне гректің әйгілі мүсіншісі Пигмалион ақ мәрмәрдан өзі жасаған әйелдің керемет әдемі кішкентай мүсініне өмір бойы ғашық болып өтіпті. Жаны жоқ, жүрегі жоқ тас мүсінге де соншама неге құмартты? Қандай күш оны жансыз тас денеге ынтықтырды? Көне гректердің айтуынша Пигмалионды ғашық еткен өзі жасаған әйел денесінің ғажайып көркемдігі екен.