Равиль Ашығалиевhas quoted4 years ago
Өздері қандай ғажап кейіпте: үстерінде аппақ көйлек, ақ көйлектің етегі тотықұстың құйрығы іспеттес шұбатылып жатыр; ақ көйлектің өңірі алтынмен оқаланған, жалт-жұлт жарқырап көз қарықтарады. Ғажабы сол, тұман сейіліп, тұман көк нұрлы шұғылаға бөленсе де, адасқандар бір-бірін іздеп таба алмады. Көздерін сүзіп, ауаны қармалаған күйі албаты лағып жүр. Маған мына кейуана кейіптегі қалқып жүрген адамдар өмір бақида жолығысып, қол ұстасып сапар шеге алмайтындай, әмбе олар бір-бірін құдайдай құлап жақсы көріп ынтыққан сайын, жалқы сәт жүздесіп бетпе-бет келіп қауыша алмайтындай, өйткені бұлар ғашық жаратылған жандар, өйткені бұлар тақау келіп табысса болды, тәжікелесіп, бұған дейінгі, бұдан сандаған жылдар кейінгі кіршіксіз де кірбеңсіз аптапты сезім, таза жүректеріне қылау түсіріп алатындай; ал қылау түсіріп алса, махаббаттың таң-тамаша сапарына шығып, түсінде немесе қиялында ғана ұшырасып ғұмырлық мәйек алатын інжіл сыңарды іздеу бақытына не болмайды-ау, деп ойладым
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)