inabathas quoted12 years ago
дегеннен-ақ екі пешкадан қарпысып алдық. Бірақ біраздан кейін ойынның ара салмағы тағы өзгере бастады. Бір-екі жерде мүлт жіберіп алдым. Жанардың екі пешкасы тағы артып кетті. – Әй, бәлем, көрермін жеңілмегеніңді, – деп, қанаттанып, оның мерейі аса түсті. Менің ендігі үміт артқаным оң жақ шеттегі бір пешкам еді. Түпкірлетіп отырып, соны биге алып шықтым. Қырғидай тиіп, жайпармын-ау енді бәлем. Бірақ тап осы кезде майдан даласында мен ойламаған ғаламат бір оқиға болды. Айлакер Жанар орта шенде елеусіз тұрған бір пешкасын маған жегізді де, басқа бір пешкасымен менің әлгі батырымды белден басып, биге өтіп кетті. Онымен де тынбады. Әлгі биімен менің өзге үш жауынгерімді тағы жайпап салды. – Ура! Ұтылдың! Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай мақтаншақ Қожа деп атаймын. – Тоқта, қалай... қалай боп кетті? – Міне, былай... Сен менің мына пешкамды жедің бе?Жедің. Онан соң мен былай жеп, биге шықтым. Одан кейін міне былай... былай... былай жедім. Әй, мақтаншақ Қожа. Ұтамын деп мақтанып едің. – Тоқта. Менің әлі де бір биім бар ғой. – Оның қолынан не келеді? – Көрерміз. Сен әлі ұтқан жоқсың. Жүріс кезегі менікі ме? Менің бір биіме қарсы Жанардың төрт пешкасы қалды. Оның да біреуі би. Ал қалғандары да енді еш бөгетсіз біртіндеп биге шығуы даусыз. Сосын төрт қара би менің жалғыз сары биімді аш бөрідей ортаға алып, тырп еткізбей бассалуы сөзсіз. Осы қатер айдай анық танылып тұрғандықтан бірден-бір жан сауғалайтын орын – ұзақ жолға шығып кеттім. Бұл пиғылымды түсіне қойған Жанар: – О, қорқақ! – деп, ызаландыра түсті. – Састың ба, бәлем. Сонан соң қайда барар екенсің. – Жан-жағымның бәрі қатер, қайда барушы едім. Ұзын жолдан қия бассам, мерт кететінім сөзсіз. Сондықтан тақтайдың ол шетінен бұ шетіне ілгері-кейін сырғанап, жүрдім де отырдым.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)