Моля Масуадинhas quoted9 years ago
Бірақ, неге екенін білмеймін, сол өлеңдерімнің бір­де-бірі жарияланбады.
– Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионер­ге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан­ пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Жоқ, бұл әдісімнен де түк шықпады. Жіберген өлең­дерімді олар да жаратпады.
Бұған жасыған мен жоқпын, қайта ширыға түстім. Бір-екеуіне ғана жіберіп, өзгелерін құр тастасам, өкпе­лей­тіндей-ақ, енді өлеңдерімді көп дана етіп көшіріп, өзіме аты мәлім газет-журналдарға түгел жібере бастадым (Сондағы қарау ойым: бірі баспаса, бірі басар). Әлгідей етқызу үстінде бір топ өлеңім «Үгітші блокнотына» кетіп қалған екен, соңынан редакция өлеңді қайда ұсынуды білмейтін адамнан қандай ақындық шық­пақшы деп, өзімді бәлем, келемеждеп жауап жазғанда, ұялғаннан жерге кіріп кете жаздадым.
Менің бір риза болатыным – өлең жіберген жердің қай­-қайсысынан да жауап келеді. «Жалпы алғанда, ақын­дық қабілетің бар көрінеді. Бірақ әлі де болса көп ізденіп, көп оқып, үйренуің керек»... деген тәрізді үміт ұш­қынын
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)