Нафиса Аббасhas quoted7 years ago
жатқан жолдасының бүйірінен жайқап қалып, мүйіздері соқтығып, сарт та сұрт! Кіші үйдің көк сиыры Қартқожаның тарғыл шолақ сиырын су ішкізбей, түріп шығарды. Қартқожа қауғаның сабымен: «Ой, арам қатқыр, көк ит!»— деп, кеңсіріктен салып жіберді. Кек сиыр тұмсығын шайқап, сазайын алып, шыға берді. Ұрғанды тыңдайтын емес, оты қанып, қаңсып қалған мал қырып барады. Көздері аларып, аузын толтыра-толтыра, таласа-тармаса, өлердей жұтып жатыр. Құлақ оты жердегілері болмаса, кейінгі жақтағыларға судың иісі ғана барады, бір құйған су алдыңғы екі-үш сиырдың жалпақ аузымен бір жайпағаннан да аспайды. Тағы бір жаманы — қауға жыртық, астауға жеткенше, бір-ақ тостағандай су қалады. «Өңкей тоғышар, қауғасының жыртығын да бүтіндемейді, қайтерсің?» деп кейіп қояды. Қартқожа жанталасып, мықшындап, тері пұшпағынан ақты, ауылдағылар көріп тұрса да, көрмегенсіп, сиырын суаруға ерініп, кісіге иек сүйеп кеткен ел, келмейді. Ана Ыбырайларды қарашы, көріп тұрып, әдейі келмей тұрғанын, «ерегіскенде суармай қояйын ба!» дейді Қартқожа. Дегенмен сомадай болып, бір ауылдың сиырына қауға тарта алмауды намыс көреді; сыр алдырмағысы келеді. Сиырлар қарқынын басқан кезде, Қартқожа бітегене тыныстап, оң жаққа қарады.
Үлкен ауыл жақта екі атты кісі келе жатыр екен. Біреуінің сымпиған қара киімі бар, басындағысы — ноғай бөрік. Орныға алмай, қоқиып, атқа отырысы; екі тізесін қомдап, аяқтарының басын аттың шынтағына тығып, қамшылағанда қолтығы көтеріліп, қолп-қолп етіп желгені «ел қазағы емеспін!»— деп анадайдан айғайлап, айтып келеді. Қасындағысы — үлкен ауылдағы Сәдуәлі. Құдықтың қасынан бүлкектетіп өте шығып барды да, Шідербайдікіне түсе қалды. «Бұл не қылған адам екен, білейінші» деп сиырын суарып бола сала Қартқожа да келді. Әбілда періуәтшікті көргеннен бері орысша киінген кісі оған таңсық көрінетін, қасына жақындаса, бірдеңесі жұғып кететіндей, жанына баруға көңілі соға беретін. Келген соң білді: Үпіде оқып қайтқан қазақ шәкірті екен, ылаулап үйіне кетіп бара жатқан.
Шідербай шәкірттен оны-мұны сұраған болып отырды. Ол жалақтың қай берекелі сөзі болады, баяғы «Қаратау қаладан қашан шықтыңыз? Орыс-орманнан не жат хабар бар? Қай ел боласың? Оқығалы қанша болды? Әке-шешеңіз бар ма? Неше ағайынды боласың? Жамағатыңыз жоқ па еді?»— деп, тұп-тұғиянын қаза сұрады, дәл бір құда болатын кісіше. Шәкірт қысқа
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)