Арай Изгалиеваhas quoted7 years ago
ҚАЛЫҢ МАЛ
Роман
Есіл бойын қыстайтын Атығай деген елде Тұрлықұл деген байдың, қырық жыл отасқан Қанша деген бәйбішесі елу бес жасында қайтыс болған. Қанша бәйбіше өлді дегенді естіген қадірлес, тұстастарында ренжімеген адам жоқ деуге болады; бірсыпыралары бәйбішенің мінезің бірсыпыралары берген қонақасын, кейбіреулері: «Қанша бәйбішедей дүниеге адам туар ма екен...» деп, әр түрлі өткен-кеткендерді айтып, әңгіме етісіп, ауыздарының суы құрысып жүрді. Тұрлықұл ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, көп сөйлемейтін, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілеріне мазаң, қатты мінезді адам еді. Бәйбішенің қайтқаны оған ете батты. Байға көңіл айтып, бата қыла келген елдің ақсақал, қарасақал замандастары: «Е, бай! Бәйбішеңізді беріпсіз, алды иманды, арты қайырлы болсын. Бұрынғы еткен аталарымыздың айтқаны бар емес пе: «Қатын өлді — қамшының сабы сынды», «Байдың қатыны өлсе төсегі жаңғырар, жарлының қатыны өлсе, басы қаңғырар» деп, басы қаңғырады дейтін жарлы емессің, жастың алпысқа келгеніне қарамай-ақ мал берсең, біреу өзі-ақ қызын әкеп тастар. Малға қызын кім бермеуші еді!..»—деп байдың көңілін көтерісіп жүрді.
Бірер айға дейін, бата қыла келген адамның көптігі, даудамасымен Тұрлықұл байға бәйбішесінің қайтқаны да білінбей жүрді.
Бір күні бай ертеңгі шайдан кейін, үйде бөтен адам болмағасын, шаруаға кез салайын деп, алдымен қонақ үйіне кірді. Ол үйдегі төсек-орын бет келген жерде шашылып жатыр, қызметкерлерінің де киімдері сол үйде, пеш үстінде су болған байпақ, шұлғаулар жаюлы тұр екен. Бұдан шығып шөбінің ішіне барса, онда арық жабағылар тұратын жұмсақ шөбінде толып тұрған сиыр, сиыр шарбағында аттар сықырлап жүр. Аттар тұратын шөбінде қой қаптап жүр. Бұларды көргеннен кейін бай үйге таман келе жатып, шошаласына бір иттің кіріп, шығып жүргенін көрді. Өзінің қызметіндегі бір баладан: «Аманжол қайда кеткен?» — деп сұрады.
— Аманжол Атекем ауылына, шілделікке кеткен.
— Шілделік кімдікі екен?
— Байқадамның келіні ұл тауыпты, соған...
— Қасен қайда?
— Ол мана шай ішкесін ойық оямын деп кетіп еді, әлі жоқ, қақпандарын ала кетіп еді, тышқан, күзен аулап жүрген шығар. Маған түс кезінде сиырларды айдап жіберерсің деп еді, мен малдың су ішетін кезі болған соң шығарып едім, су ішкені ішіп, ішпегені ішпей келіп, маған болмай, қақпағын бұзып жабағылардың шебіне кіріп кетті. Айдап шығайын деп едім, болмады. Қасен әлі келген жоқ, қақпандарына айналып жүр-ау деймін...
— Ол иттің мінгені не?
— Үлкен торы.
Үлкен торы деген қылауына қыл жуытпайтын, байдың бір қадірлі аты еді. Бай біраз ойланғандай болып:
— Осы үйдің әлгі қатыны қайда ? — деді.
— Қызболған үйіне кетті. Маған түсте шай қоярсың, кісі-місі келсе, шақырарсың
деген самауыр қайнап тұр, шақырайын ба, ата?
— Шақырсаң шақыр,— деп, бай кейіген пішінмен үйге кірді.
Бәйбіше қайтпай тұрып та, қайтқаннан кейін де, сол ауылдың үш-төрт ақсақалдары, кешке баймен әңгімелесіп отырып, ас ішіп, байды жатқызып қайтатын әдеттері бар еді. Сол қалыппен бүгінгі кеште Байсақал, Әлібек, Қараш Тұрлықұлдікінде еді. Бұлардың алдында Аманжол, Қасенді бай ұрсып:—тышқақ лағым құрлы бәсі жоқ иттер, мені аяп жүр ме едіңдер, тойғандарыңды көтере алмай жүрген шығарсыңдар, ерегіссем ақыларыңды бермей қоярмын.— деп жерлеп отырды.
Манағы бала үйге ентігіп кіріп келіп:
— Пар-пар атты екі шаналы келіп түсіп жатыр,— деп хабар берді. Ауылдан келген үш-төрт кісі, Аманжол, Қасендер қонақ үйге шам жағып, көрпе салып болмай-ақ, үсті-басы қырау-қырау, қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар кіре бастады.
Аманжол мен Қасен қонақтардың киімдерін шешіп, қағып іліп жатыр.
Ырсылдап, күрсілдеп, күшеніп-тышанып жуандар отырысты. Бұл келгендер — елдің Байғазы, Құрымбай деген байлары; бетіне жан келмейтін билер. Айтқаны келіп, атқаны тимеген жер жоқ. Екеуі де өлгенше парақорлар, жемқорлар, кісі етінен басқаны арамсынбайтындар. Байғазы қазақтың зор байларының бірі, жасынан би болған, анда-санда болыстыққа да таласып қоятын, өте парақор, қара бұқараға тізесі батқан жәбір иесі, шегір көзді, бұжыр, жуан, байдың жалғыз қызы Айтолқынды берген құдасы. Бұл кісілер ертерек келіп, бәйбішеге құран оқып, Тұрлықұлға көңіл айтып қайтқан болатын. Бұлар келгеніне, бай қуанып, кеңесіп кеп отырды.
Қонақтар да жүрген жайларын айтып кеңес қылды:
— Елден шыққалы жиырма шақты күн болып қалды, бас ауылнай жағына барып съезд
құрып келеміз. Халық арасында бір-біріне ауысқан-түйіскендері бар, тоқты-торымдай жанжалдары бар екен сондайларды бітіріп келеміз. Елде дау-жанжал мұндай көп болар ма!.. Ел де бұзылып біткен ғой, әсіресе жесір дауы-ақ көп екен. Күйеуін менсінбеген қыз, байынан айрылатын келіншек... Кейбіреулер құдасынан айрылмақшы... Құрекеңнің пышағы май үстінде, қалтасы да толған шығар,— деп Байғазы қарқылдап күлді.
Қасқыр қой жемейді деп ешкім айтпас,— деп о да қарқылдап күлді.
— Қасқыр болғанда, Аралбай сорлының он сом қызыл қағазын алып төрт сиырының бірін жаман Түйкеге әпердің-ау,— деді.
Сонда Құрымбай отырып.
— Ол жаман болғанмен жеті сом ақша, Алтыбайдан қыстай жанжалдасып өзің әперген бес тайыншамды асырап, қыстан шығарып бермекші болды ғой,— деп тағы қарқ-қарқ күлді де, күмістеген мүйіз шақшадан
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)