Арай Каржаубаеваhas quoted7 years ago
Джон Кэстльдің
1736 — жылы
Кіші жүздің ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы

Орынбор экспедициясының бұрынғы суретшісі ағылшын Джон Кэстльдің орыс империясының игілігі үшін ғана Орынбордан Қырғыз-қайсақ татарлар ордасының ханы Әбілқайырға 1736 — жылы өз еркімен барып қайтқан, аса қажетті де қауіпті, дегенмен аман-есен аяқталған сапары туралы күнделігі
Riga 1784
Атамұра
Алматы, 1996
Ағылшын суретшісі, орыс патша үкіметінің қазақ даласын отарлау мақсатында XVIII ғасырдың 30-жылдарында ұйымдастырылған Орынбор экспедициясына қатысушы Джон Кэстльдің бұдан тұп-тура 260 жыл бұрын жазылған күнделігі 1784 — жылы Ригада неміс тілінде готика қарпімен жарық көргеннен кейін, тұңғыш рет баспа бетін көріп отыр. Автордың кей тұстарда өркениетті ел өкілі ретінде өзі жазып отырған жұрт туралы тым кінәмшілдік байқатып, әсірелеп жіберер тұстарына қарамастан, еңбектің бірегей тарихи дерек екенінде, сол кезеңдегі Кіші жүзде қалыптасқан саяси-әлеуметтік ахуалдан, тұрмыстық-этнографиялық үрдістерден көптеген құнды мағлұматтар беруімен де бағалы екендігінде дау жоқ.
Кітаптағы суреттерді салған автор.
Алғы сөз
XVIII ғасырдың 30-жылдарында орыс бодандығын қабылдауға мәжбүр болған Кіші жүз қазақтары туралы осыдан 260 жыл бұрын шамасы жазылған ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің Әбілқайыр ханға барып қайтқан сапары туралы күнделік ғалымдар назарына соңғы кездерде ғана іліге бастады¹. Бірақ бұл жәдігер ғылыми айналымға әлі де болса қосыла қойған жоқ. Тіпті Қазақстан мен Орта Азия тарихы туралы шет елдерде жазылған бір де бір еңбекте, сан алуан библиографияларда Кэстль күнделігіне сілтеме жоқ. Суонси университетінің (Англия) профессоры Алэн Боджердің орыс
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)