inabathas quoted12 years ago
жазылған өлеңім де бар. Тағы біраз сықақ өлең, жұмбақтар, қытай халқының әзілдері басылған екен. Одан соң кейін қарай сырғып, келесі бетке (газеттің үшінші бетіне) ауыстым. Жоғарыдағы бір сурет көзіме жылы ұшырап барады. Шатырлы үйдің бір пұшпағы, жүк машина, кузов толған, қолдарына айыр-тырма ұстаған жарқын жүзді балалар. Астындағы жазуына көз жүгірте бастадым да, орнымнан атып түрегелдім жынды адамдай. Сосын ас үйге қарай тұра жүгірдім. – Әже, ау әже! – О, не. – Қарашы, газетке менің суретім шығыпты. Қарашы. Міне, мынау ортада тұрған менмін. Міне, міне. Әжемнің көзі онша жетіңкіремейді. – Қайсы? Мынау көп адам тәрізді ғой жапырлаған. – Мен мынау... ең алда тұрмын ғой қасқая қарап. Осы менмін. Дәл өзім. – Басқалар кім.– Өзіміздің балалар. Мынау міне, Темір, мынау қолына тырма ұстаған Батырбек, мынау басы қылтиып тұрған Жантас... Көрдіңіз бе. «Жаңа өмір» колхозы жеті жылдық, мектебінің оқушылары жазғы демалыстарында артель шаруашылығына айтулы көмек тигізді. Суретте колхоздың шөп шабу науқанында үлгілі еңбек еткен бір топ оқушы...» Ім... м... м... суреттің астындағы жазуды әжеме дауыстай ақырын оқып берсем де, кенет тілімді тістеп алғандай болдым. Аяғымды ұшынан басып, сыртқа зытып отырдым. «Мәссаған! Мен бұның байыбына бармай, мақтан көріп жатырмын. Ұят-ай! Қандай ұят іс болған! Шөп шабыс науқанына мен қашан қатыстым? Қашан үлгілі еңбек еттім?» Өлімнен ұят күшті деп, бекер айтылмаған ғой. Осы оймен қабаттасып, бетіме қаным теуіп шыққанын сеземін. Суретке қайта қараймын, сол қалпы. Бәрін бір өзі тындырғандай қақ ортада қасқиған баяғы Қожа. Батырыңның ойына түк кіріп шықсайшы. Танауы делдиіп, көріңдер мені дегендей кеудесін алға тосып, қасындағы басқа балалардан өрескел тұр. Әй, сығыр,
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)