zhuldizsadykova
zhuldizsadykovaдәйексөз қалдырды8 ай бұрын
"Адам" ұғымы мен сөзінің өзінде-ақ астарлы екі ұштылық бар, оны түсінбей тұрып адамның айырықша қалпы туралы мәселеге аяқ баса алмайсыз. Бұл сөз біріншіден, омыртқалылар мен сүт қоректілер түрінің бір бөлігі ретінде адамда да болатын айрықша морфологиялық белгілерге меңзейді. Қалай десек те бұл ұғымның қалыптасуының нәтижесі адам деп аталған тіршіліктің жануар ұғымына бағынышты болып қалмайтынын, сонымен қатар жануарлар әлемінің салыстырмалы аз ғана бөлігін құрайтынын көрсетеді. Бұл жағдай Линеймен бірте адамды "омыртқалы сүт қоректілер қатарының шыңы" деп атағанда да сақталады, бірақ бұл шындық тұрғысынан да, ұғым тұрғысынан да таласты нәрсе, өйткені кез келген әлдебір заттың шыңы сияқты бұл шың сол заттың өз шыңына қатысты той. Бірақ тік жүруді, омыртқаның түрленуін, бас сүйектің тепе-тендігін, адам миының қатты дамуын және тік жүрудің нәтижесінде орғандардың өзгеруін (мысалы, бас бармақ қарсы тұрған алақан, жақ пен тістердің кішіреюі және т.б.) адамның бірлігі ретінде белгілейтін осы ұғымға мүлдем тәуелсіз осы "адам" сөзі барлық, мәдениетті халықтардың тілінде мүлдем басқаны білдіреді, адам тілінде осындай екі ұштылықты білдіретін басқа сөз табыла қоймас. Атап айтқанда "адам" сөзі "жалпы жануар" ұғымына, соның ішінде барлық сүт қоректілер мен омыртқалыларға мүлдем қарама-қарсы, оларға мысалы, дәл сол инфузорий stentor мағынасында қарама-қарсы заттар жиынтығын білдіруі тиіс, алайда шимпанзе мен адамның инфузорияға ұқсастығына қарағанда адам деп аталған тіршілік иесі морфологиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда шимпанзеге әлде-қайда көбірек ұқсас екендігі талас тудырмас.
Омыртқалы жануарлар түрінің азғана бөлігін білдіретін бірінші ұғыммен салыстырғанда адамның екінші ұғымының мәні мен шығу тегі мүлдем бөлек болуға тиіс Табиғи жүйелілікке қатысты бірінші ұғымға қарама-қарсы осы екінші арқылы құрастырылатыны көрсетіледі, осылайша бастама нүкте ретінде Құдай идеясы ұғымды мен адамның мәнді ұғымы деп атағым келеді. Әлдебір тіршілік түрлерінің кез келген айырықша қалпымен салыстырғанда адамға осындай айырықша қалып беретін бұл екінші ұғым қаншалықты дұрыс, біздің баяндамамыздың тақырыбы да осы.
I
Макс Ше­лер. Адамның ғары­штағы орны
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды