Жулдыз Талгатовнаhas quoted7 years ago
БІРІНШІ БӨЛІМ
«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып төгілетін кез болады. Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге деген ықыласы жіңішкеріп барын, үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді. Ләззат терезе алдында. Ауыр ойда. Кеудесі толқып басылады. Бірте-бірте сынық жүзі анық көрінеді. Шашына ертерек ақ кірген, есейіп келе жатқан'әйел. Біз оны үлкен күйзеліс халінде көріп отырмыз. Анасы кіреді. Қызының қиналып тұрғанын байқайды. Аз уақыт үнсіз бақылайды, Ләззаттың қасына келеді.
А н а. Мына бір тұрысын ұнатпай қалдың-ау. Неғып тұрсың Ләззат?
Л ә з з а т (түсінбей). А?
А н а. Тіпті меңіреу боп кетіпті. Неғып тұрсың деймін, қалқам. Сырқаттан амансың ба?
Л ә з з а т. А-а... Жоқ... жоқ, aпa.
А н a. Қартайдым-ау деймін, секемшіл боп барам. Ендеше кішкене бой жазып қайтасың ба, әлде тай берейін бе? Тегін емес қой, бұл сірә, түрінен қорқам, дәл осындай кескінін көрген жоқ едім.
Л ә з з а т. Мейлің, апа.
А н а. Ләзтай, ендеше мен шай қойып жіберейін. Ойпыр-ай, күйреп қалған түрің бар-ау, қалқам, арты қайыр болғай-ақ та. Екеуміз отырып шай ішейікші. Салиханы да шақырайық. Әлгі Қуантай да бүгіп соғам деп еді. Ойпыр-ай көзінде бір сұмдық бар ғой. Бүгін бір бас қосып, сөйтіп шүйіркелесіп отырайықшы.
Л ә з з а т. Не дейсің апа?
А н а. Шай ішейік деймін. Салиханы шақырайық.
Л ә з з а т оқыс ұмтылып анасын құшақтай алады.
Солай үнсіз тұрады.
А н а. Айналайын, көңілің жүдегенде апаңның қойнына тығылатын әдетің есіңе түсті ме? Мауқыңды баса ғой, қалқам.
Л ә з з а т. Апа, менің оп алтыға шыққан жылым ғой деймін. Сол жылғы көктем есіңде ме?
А н а. Ә-ә, есімде. Құдайға шүкір, кішкене шешілейін деді. Сол жылы бір қызғалдақ теріп, қуанып қайтып едің-ау. Әлі көз алдымда. Көңілің алып-ұшып, қанаттанып келіп едің. Сонда менің бауырыма тығылып, қиялданып ұзақ отырдың.
Л ә з з а т. А-а... Бірақ енді отыздан асқан әйелдің ана құшағына тығылуы жараспайды екен. Бұ да бір алданыш қой. (Ана құшағынан тез босанып.) Апа, барып шайыңды әзірлей қойшы.
А ы а. Жарайды, қалқам. (Шығады.)
Л ә з з а т (ауыр ойда). Алданыш... Өміріңнің аяулы шағын алданышпен өткізіп алсаң... Ей, адамдар... Айналайын туғандар... Жалғыз минут тыңдаңдар!.. Мен сендерге көп болды сыр шертпедім... Қазір түгел көкірегім өрт менің... Көкірегім өрт менің... Қазір менің ессіз шөлім басталды... Еш қайнардан қанбаған... Ей, адамдар, айналайын жыр кені, менің осы қайнарымнан қанып іш. Әкем өлген кезінде де бұл мені... Өртемеген өкініш... Өртемеген өкініш...
Сахна қараңғыланады. Мұңлы қайғылы музыканың жалғасы көктен тасқынына ұласқандай, аяғы жадыраңқы күйге ауысады. Дала көктемі. Алыс қыратта өрттей лаулаған қызғалдақтар. Он алты жасар қыз бала Ләззат сол қызғалдақтарды қуып келеді. Қызғалдақтар от болып ойнап, еліктірін шақырып, бірде алдынан, бірде оңынан, бірде солынан көрінеді. Ләззат кейде таңырқап тұрып қалады. Көктемгі қуанышпен бірде көкірегінде жыр туып келе жатқан сияқты. «Қызғалдақ дәурен — қыз дәурен»... деп күбірлеп ойланып тұр. Іштен тебіреніп жыр туып келе жатқандай үнсіз күбірлейді. Бір кезде сол жырды естігендей боламыз.
Л ә з з а т. Қызғалдақ қуып... қызғалдақ қуып... Құмардан шығатын болдық, құрбым-ау. (Қайталап.) Қызғалдақ қуып құмардан, Шығатын болдық, құрбым-ау (пауза). Жарқылдап... жарқылдап жанған... алаулап. Айнымай жатқан... Айнымай жатқан қыр мынау. (Қайталап.)
Жарқылдап жанған алаулап
айнымай жатқан қыр мынау!
Қызғалдақ қуып құмардан,
Шығатын болдық құрбым ау
Жарқылдан жатқан алаудан
Айнымай жатқан қыр мынау!
Сахна айналады. Ләззаттың анасы. Алдында үлкен сандық. Соның ішіндегі қыста сақталған киім-кешекті ақтарып, кептіруге әзірлеп жатыр. Көкірегі сезімге толы шешесін құшақтай алады. Анасының да өңі жарқын; қызының ерекше халін күні бұрын күткендей, таңырқамайды,
Л ә з з а т. Апа... Апатай...
А н a. He қалқам?
Л ә з з а т. Mен саған бір керемет айтайын ба?
А н а. Айта ғой, қалқам.
Л ә з з а т (айнала толқып). Жоқ, айта алмаймын. Дала... дала бар ғой... бусанып тур.
А н а. А-а...
Л ә з з а т. Апатай, неге түсінбейсің. Керемет деймін. Жапырақтарға жан бітіп, жусан мен боз сыбырласып тұрғандай. Бұрын неғып байқамағанмын. Шөптің де сыры болады екен ғой. Ал, дала бар ғой, кеудесі көтеріліп, басылып, рақаттанып дем алып жатыр. Кәдімгідей бойы балқып, рақаттанып жатыр. Ғажап деймін. Mен соның бәрін түсіндім, апатай.
А п а. Нені түсіндің, қалқам?
Л ә з з а т. Бәрін түсіндім деймін. Даланы... бозторғайды. Қызғалдақты... қызғалдақ күлімдейді. Күлкісі ғажап, нұрлы күлкі. Қызғалдақ... Қызғалдақ... Мен өлең шығардым, апа.
А н а. Айта ғой, күнім.
Л ә з з а т. Қазір. (Ойланып.) Қызғалдақ... Қызғалдақ дәурен... қыз дәурен... ұмытып қалдым. Көп... көп өлең шығарып едім. Әйтеуір, өлеңді айта берген сияқтымын. Кілең бір сөзі жоқ елең. Сөзі жоқ өлең бола ма, aпa?
A п а. Неге болмасын. Ондай да болады. Тілі түскірі мүкіс болса, кісі ішінен толғанады.
Л ә з з а т. Білмеймін, мен бір өлең шығарған сияқты едім. Даланың өзі толып тұрған өлең сияқты...
А н а. Көкірегіңе бір нұр құйылған екен, күнім. Қуанышыңнан айналайын.
Л ә з з а т. Рас айтасың, апа. Біздің бәрімізді күтіп тұрған бір зор қуаныш бар. Алдымызда үлкен той бар сияқты... Әйтеуір, не де болса бір жақсылық бар, апатай.
А н а. Әркімнің бір көктемі болушы еді. Сенің де көктемің келген екен ғой, қалқам.
Л ә з з а т. «Әркімнің бір көктемі бар» деймісің. Сонда әр адамның көктемі біреу-ақ бола ма?
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)