Жаркынай Сихимоваhas quoted8 years ago
ОФИЦЕРДІҢ МАЙДАН ДӘПТЕРІНЕН
(әңгіме)
Мен 22 жасымнан бері әскер қатарындағы адамның бірімін. Ұлы Отанымыздың көп жерлерін маған қызмет аралатты. Төрт-бес жылғы өмірім қан майдан шебінде өтті.
Мен кеңсе офицері болғаным жоқ. Қатарда да, майданда да алдыңғы шепте жүргендердің біреуі болдым. Қайда жүрсем де, солдаттармен араласып жүріп, олардың тобының ішінде болуға тырыстым. Қызметті жай қатардағы (рядовой) жауынгерден бастап, 15 мың басы (командир дивизии) болу дәрежесіне дейін жеттім.
Солдаттарға сабақ та бердім, олардан өзім сабақ та алдым. «Тіс қаққан» жауынгерлермен пікір алысып, олармен сырласып, кей-кезде ақылдасып, жаңадан келген жауынгерлермен әңгімелесіп жүруді әдет еттім. Сөзімде, әңгімелерімде халық мақал-мәтелдерін пайдаланудан бас тартпадым. Сонымен қатар, тәжірибемізден қорытынды түрде туған ой-пікірлерімді де қысқартып айтудан тайынбады
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)