inabathas quoted12 years ago
Сұлтан екеуміз қол алыстық, шынашақ ілмелестірдік. Сұлтан оны сол қолының алақанымен қырынан бір қойып үзді де: – Тоқта, біткен жоқ, – деп, шөпшек ағашпен жерге дөңгелек сыза бастады. – Бұл не? – Бұл қызыл ошақ. Кім де кім сертті бұзатын болса, о дүниеде дозақта шыжғырылады. Дөңгелектің ортасын айқастыра Сұлтан сызықтар жүргізді. Сонан соң етпетінен жата қалып, сол сызықтардың түйіскен жеріне маңдайын тигізді. Бұл ырымды мен де істедім.
  • unavailable
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)