Меруерт Карловаhas quoted7 years ago
Тезек төре Нұралыұлы 1847-1867 жылдары Ұлы жүздегі Албан руының аға сұлтаны болып тұрған кезінде, төрелігі мен зорлығының үстіне: бір жағы қырғыз, бір жағы Найман еліне барымташы жігіттер аттандырып, ұрланып келген жылқыға төре таңбасын бастырып, өз жылқысының тобына қоса береді екен.
Бірде Тезектің Жылкелді, Бапау деген екі ұрысы Найман руына барып, жылқыға тигенде, Найман жылқышылары қуа соғысып, төренің ұрылары жараланып, әрең құтылып кетіпті.
Сол күні Сүйінбай Екей елінің жоғалған жылқысын жоқтап, Алтынкемел тауындағы Тезек төренің жайлауына келеді. Келсе, төренің есік құлы алдынан қарсы шығады:
— Төренің үйіне барма, басың кетеді. Жылкелді, Бапау деген екі ұрысы түн қатып, аттан жаңа түсті, қолы сынық, басы жарық. Төре екеуіне долданып отыр,— дейді.
Сүйінбай үй сыртында тұрып, Тезек төренің екі ұрыны өлеңмен жерлеп, зекіп жатқанын естиді.
Тезек төре:
Абылай — арғы затым, атым Тезек,
Жан бар ма өлмейтұғын темір өзек.
Біріңнің басың жарық, қолың сынық,
Ұялмай не деп келдің екі кезеп.
Апырым-ай, ай да көкте, күн де көкте,
Тақалдық құдай қосса, біз де бекке.
Біріңнің басың жарық, қолың сынық,
Ұялмай не деп келдің хан Тезекке.
Жылкелді Бапауменен жүрегің бар,
Түріндей арыстанның сүреңің бар.
Біріңнің басың жарық, қолың сынық.
Қашар ма жылқышыдан жаман мұндар.
Абылай — арғы затым, Тезек атым,
Асып тұр Ұлы жүзден салтанатым.
Біріңнің басың жарық, қолың сынық,
Ұялмай неғып келдің екі қатын.
Мен іздеп, қолға түссең, бармас па едім,
Хабарды төңірекке салмас па едім.
Қолына қандай ханның түссең-дағы,
Кезептер, мен құтқарып алмас па едім.
Дүние өзі үлкен, опасы аз,
Қалжа қой сендерге де жеген шығар.
Патшаға түссең-дағы алар едім,
Бүл күнде тоқтататын мені кім бар?!
Қашпастан қолға түссең бәрің бірдей,
Қай қазақ ұстар еді қоя бермей.
Қор болды, әттегене, төре басым,
Еркіме бірі көнсе, бірі көнбей!
Осы кезде: «Ассалаумағалайкум, алдияр!»—деп, Сүйінбай хан ордасына кіріп келеді. Жұмсақ құс мамықтың үстінде төңкеріліп жатқан Тезек төре екі ұрысын тастай беріп, Сүйінбайға былай дейді:
Мен едім Абылайдың хан Тезегі,
Жылқының ұстатпайды сұр көжегі.
Ордаға күл мен құтан басып кірген,
Құдайдың бұ да болса бір кезегі.
Атамды шалған қыдыр Абылайдан,
Жақсының көңілі жұмсақ сары майдан.
Шел бүркіті түстенген сары жігіт,
Сұраймын руыңды, келдің қайдан?
Зүл-залал, Абылхайыр, Ақтамбермен,
Жаратып дүниені дәнекермен,
Тінтушідей ордаға кіріп келдің,
Сұраймын аты-жөнің, келдің қайдан?
Қараша би Абылайға келген екен,
Арқа жұрт Алатаудан темен екен.
«Хан Әділ Ұлы жүзге хан болсын» деп,
Қолқаны Абылайға салған екен.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)