Mirgul Kali
Mirgul Kaliдәйексөз қалдырдыбылтырғы жыл
Оның бір мысалы, туған шешем Жәния. Мен ес біліп ержеткен уақытқа дейін, әкем Мәмбет оны таяқ астында шірітті. Сонда, тым болмаса жазығы болсайшы-ау!.. Не шаруа бағуда, не тұрмыс салтында ешбір жазығы жоқ!.. Шаруашылықта, осы үйдің «отымен кіріп, күлімен шығады» дейтін күңі; тұрмыс салтында, мол дәулеттің ішінде отырып, не жарқырап киім киген емес, өзгелеріміздің қатарымызда отырып ас ішкен емес. Киім жағынан кедейдің әйелінен ешбір айырмасы жоқ, астан ішетіні бізден қалған сарқыт. Жасы отызды жаңа орталағанмен, өз ауылымызда я көрші ауылдарда болып жататын ойын-тойдың біреуіне барғанын көрген де, естіген де емен!
Сәбит Мұқанов
Мөлдір ма­хаб­бат
Сәбит Мұқанов
Мөлдір махаббат
  • 247
  • 59
  • 4
  • 10
Пікір жазу үшін кіру не тіркелу
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды