Gulmira Satylkhanovahas quoted5 years ago
Осыдан он бес жыл бұрын Оңтүстік Қазақстанның кішкентай қыстағында коммунист Бердәлі қаза тапты.

Ашыққан халыққа арналған азық-түлікті қорғап тұрғанда оны басмашылар ауыр жаралап кетті. Ол менің ағамның үйінде жатты. Білер алдында ол:

─ Мен бақыттымын. Ризамын өлімге! - деді өміріне езу тартып күлуді білмеген, жылы сөз естімеген сұсты, қатыгез адамның жүзіне шаттық күліп ойнап қайтыс болды. Оның ақырғы сөзін бүкіл қыстақ есітті.

Өлген адамның бақытын ешкім біле алмады. Бақыт елімді жоққа шығарады, ал елім әрқашан да бақытсыздық. Ал Бердәлінің бақыты болған елімнің сыры түсініксіз. Өлім - әр уақыт қорқыныш. Өлімнен сескенбей езу тарту, оны құптай қабылдау - жұрттың бәріне үшеуі табылмас жұмбақ сияқты. Бұл ертеде болған. Бұл 1920 жылы болып еді. Онда мен жетіде едім.

Содан бері мен талай рет бақытпен кездестім. Ол менің қолымда болды. Мен онымен Нева проспектісінде енді серуендедім, Қарағанды даласында да қолтықтасып бірге жүрдім. Керек десең: менің өмірімнің өзі бақыт. Нұрға бөленген жасыл қалада шешек атқан көктемгі қызғалдақтай, керемет дәуірде өсіп тәрбиелендім. Мен болашақ ұрыстар мен ұлы жеңістер үшін большевиктер партиясы аялап өсірген, ауырмен шыңдаған ұрпақтың өкілі едім.

Біз аштық, жоқтық дегенді білмей есіттік. Бізде тек қана үш есім: бастаушы, жіберілген деген үш ат қана болды. Біз бақыт шыңына шабуыл жасадық. Бұл бақыт үшін, халық бақыты үшін біз елуге дайын болдық.

Міне, өлген Бердәлінің бақытын мен сонда ғана түсіндім.

Мен баяғыда жау қолынан қаза тапқан қатыгез адамға деген махаббат пен құрметті ұзақ уақыт жүрегімде сақтадым. Ол әрқашан да менің жанымда болды. Тіптен жақын болды. Ол барлық жақын адамдардан да жақын болды, өйткені ол менің жүрегімде жүрді.

Менің өмірім мен бақытым үшін, менің Отанымның жастығы мен көктемі үшін қаза тапқан, жүзіне шаттық күлкі ойнап өлген адам туралы мен әңгіме жазбақ болдым. Бұл ниет Алматыда да, Қарағандыда да, Ленинградта да менің ойымды билеп, жүрегімді толқытып жүрді.
  • Join or log in to comment
    fb2epub
    Drag & drop your files (not more than 5 at once)