Букмейтке жазылым

стандарт
6,99 $ айына
Орыс тіліндегі мыңдаған кітапқа қатынас
премиум
9,99 $ айына
Букмейттің бүкіл кітапханасына — орыс, ағылшын және тағы 10 тілдегі 850 000 кітапқа, соның ішінде бестселлерлерге және бизнес-әдебиетке қатынас
аудио
14,99 $ айына
Барлық аудиокітаптарға қатынас

Сұрақтар мен жауаптар

Букмейтте оқу үшін неліктен ақша төлейміз?
Себебі әр жазылымның құны құқық иесі мен Букмейт арасында теңдей бөлінеді. Бұл ақшаға біз өнімді дамытып, ыңғайлырақ және жақсырақ етеміз. Ал құқық иесі сіз оқыған немесе тыңдаған кітаптардың авторларына және онымен жұмыс істеген барлығына қаламақы төлейді.
Жазылым бойынша неше кітап оқуға немесе тыңдауға болады?
Қалағаныңызша. Жазылым сізге нақты кітапқа емес, кітапханаға кіруге рұқсат береді. Бізде жазылымның бірнеше нұсқасы бар. Стандартты жазылым орыс тіліндегі мыңдаған кітаптарға қолжетімділік береді, бірақ жаңа кітаптар мен бестселлерлер кірмейді. Премиум-жазылыммен Букмейттің бүкіл кітапханасын, оның ішінде 12 тілдегі кітаптарды оқуға болады. Аудиожазылым кітапханадағы барлық аудиокітаптарға қолжетімділік береді.
Жазылым аяқталған кезде, менің кітаптарым мен аудиокітаптарыма не болады?
Олар сіздің кітапханаңыздан жоғалмайды. Барлық кітаптар, аудиокітаптар, дәйексөздер мен жазбалар өз орнында қалады. Сіз жай ғана жазылымға қайта төлемегенше оқып, тыңдай алмайсыз. Тиісінше, кітапханаңыздағы тегін кітаптар жазылым аяқталғаннан кейін де оқуға қолжетімді болады.
Жазылымды қалай ұзартуға немесе одан қалай бас тартуға болады?
Сізге ыңғайлы болу үшін жазылым автоматты түрде ұзартылады. Автоматты ұзартудан App Store, Google Play немесе сайттағы профиль параметрлерінен әрқашан бас тартуға болады.
Букмейтті жазылымсыз пайдалануға болады ма?
Әрине. Букмейт кітапханасында классика мен мектеп бағдарламасынан белгісіз жазушылардың белгісіз шығармаларына дейін 50 000 тегін кітап бар. Оларды оқуға жазылым қажет емес. Сонымен қатар жазылымсыз сөрелерге жазылып, олардың жаңартуларын бақылауға, жеке сөреңізді жинауға және достарыңыздың не оқып жатқанын көруге болады.
Букмейтке өз кітаптарым мен аудиокітаптарымды жүктеп салуыма бола ма?
Аудиокітаптарды жүктеп салуға болмайды, ал жай кітаптарды болады. EPUB және FB2 пішімдеріндегі кез келген кітапты жүктеп салуыңызға және оларды біздің ыңғайлы интерфейсте тегін оқуыңызға болады. Басқа оқырмандар бұл кітаптарды кітапханаңыздан көретін болады, бірақ оқи алмайды. Сіз дәйексөздер жасап, өз пкіріңізді қалдыра аласыз және өзіңіз жүктеп салған кітаптарды сөреңізге қоса аласыз.
Кітаптарды қандай платформаларда оқып, тыңдай аламын?
Кітаптарды iOS, Android, Windows Phone платформаларында, сондай-ақ компьютердегі веб-нұсқаларда оқуға болады. Аудиокітаптарды әзірге iOS және Android платформаларында тыңдауға болады. Қолданбаның сілтемесін алу.
Букмейтте тегін оқып көруіме болады ма?
Иә, бірақ Букмейтті бұрын қолданып көрмеген жағдайда. Бір айлық сынақ жазылымды рәсімдеу үшін, сайтқа немесе қолданбаға тіркеліп, қай жазылымды — премиум немесе аудио — алғыңыз келетінін таңдап, өз картаңыздың деректерін енгізуіңіз керек. Дайын! Назар аударыңыз, бір айдан соң аудиожазылымыңыз автоматты түрде айына 14,99 $, ал премиум-жазылымыңыз — айына 9,99 $ бағаға ұзартылады.
Басқа сұрақтарыңыз бар ма?Бізге жазыңыз
fb2epub
Файлдарды осы жерге салыңыз, бір әрекетте 5 кітаптан асыруға болмайды